- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- NASA бөгдепланеталықтарды іздеуге...
NASA бөгдепланеталықтарды іздеуге кіріседі
NASA мамандары аңыздарда әңгіме болып жүрген Нибиру планетасын іздеуге кіріседі. Айта кетелік ежелден жеткен әңгімелер бойынша, аталған планета белгілі бір уақыт сайын жер орбитасымен қиылысып отырады. Агенттік қызметкерлері бұл планетаның шынымен бар екендігі туралы алғаш рет 1983 жылы айтқан болатын. Ғалымдар енді аталған ғаламшарды іздеу жұмыстарына кіріскелі отыр.
GlobalScience-тың айтуынша, осы мақсатпен астрономдар ғарышқа іздеумен айналысатын телескоп ұшырғалы отыр. Нибиру туралы айтылып келген әңгімелердің аңыздық сипатта болуы оларды тоқтатып отырған жоқ.
Ежелгі шумерлердің аңызына орай бұл планетада цивилизация болуы да мүмкін.
Нибиру планетасының орбитасы
Кейбір ғалымдар әлемдік апат - Ұлы су тасқынына себеп болған осы Нибирудың гравитациялық күші деген тоқтамға келген.
Америкалық зерттеушілер бұған дейін "Нибиру бөгдепланеталықтардың қолымен жасалған жасанды ғаламшар болуы мүмкін" деп топшылаған. Олардың айтуынша, ғарыштағы белгісіз тіршілік иелері осылайша жерге бақылау жүргізгісі келіпті. Ғаламшар қызыл түсті, беті жарықшақты және бірнеше серігі (спутник) бар.
Күн жүйесіндегі бірнеше планета осьтерінің өзгерісіне, Айда пайда болған көптеген кратерлер мен сызаттарға да негіз болған Нибиру болуы мүмкін, дейді ғалымдар.
Нибиру планетасы. Деректі фильм
Нибируді, сонымен қатар, Атлантиданың жойылуымен, жер бетіндегі жиі орын алып жүрген су тасқындарымен байланыстырушылар да бар.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: art-science.com.ua, playst.ru