- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- NASA Айға туристерді...
NASA Айға туристерді аттандырмақ
Америкалық аэроғарыштық агенттіктің (NASA) бұрынғы қызметкерлер тобы 2020 жылы Айға туристерді ұшыратын коммерциялық жеке компания құрды. Бұл ғарыштық саяхаттың құны 1,5 миллиард долларды құрайды.
Golden Spike компаниясының президенті Алана Стернаның сөзінше, қазір оның фирмасы Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея және Жапония мемлекеттерімен келіссөз жүргізіп жатыр екен. Бұдан бұрын АҚШ президенті Барак Обама NASA-ның Айға туристерді ұшыру бастамасын құптамаған еді.
Ескертетін бір жайт, Құрама Штаттар туристерді Айға ұшыруды жоспарлап отырған бірден-бір мемлекет. Бірақ сарапшылардың көбі Golden Spike бастамасына күмәнмен қарайды екен. Яғни олардың пікірінше, компанияның табысқа жетуі екіталай.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: yk-news.kz
Б. Қосмағамбет