- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- NASA Айды жарып...
NASA Айды жарып жібергісі келді
Осыдан 50 жыл бұрын NASA Айды жарып жіберуді жоспарлаған. Бұл жоба сол кезде қарқын алып дамып келе жатқан КСРО-ны қорқытып, үркітуге бағытталған еді.
Әлем халқына "Айға зерттеу жұмыстарымен ұшу" атымен таныс "А119" жобасы бойынша, ғалымдар Айға бортында шағын ядролық бомбасы бар ракета ұшыру мүмкіндігін қарастырған. NASA-лықтар осылайша жер серігін жарып жіберуді жоспарлаған.
Бұл қадам КСРО-ның ұшырған спутнигіне қайтарылған жауап болуы керек болатын. Америкалықтар осылайша Айды жарып, Кеңес Одағын қорқытуды мақсат қылған.
Жоба 1959 жылы іске асады деп күтілген еді. Дегенмен ақыр аяғында ғалымдар бұл қадам бүкіл адамзат баласының тағдырын қыл үстіне қоюуы мүмкін деген қауіппен ойларынан бас тартқан.
Құпияны осыдан бірнеше жыл бұрын агенттіктің директорының орынбасары болып қызмет еткен Леонард Райфелл айтып берді. Дегенмен Америка басшылығы бұл тақырыпқа қатысты пікір білдіруден қашқақтап келеді.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: blogosmeh.ru