Нанобөлшектер судың буға айналуын тездетеді

Райс университетінің мамандары күн энергиясын жылуға айналдыруды жылдамдатудың технологиясын ойлап тапты. Ғалымдар ашқан жаңалығын "күннің буы" деп атап отыр. Жаңа технология өте сәтті шыққан деп айтуға болады. Себебі ол арқылы тіпті суық судан да буды бөліп алуға болады екен. Ал оның ПӘК-і (пайдалы әсер коэффициенті) 24%-ға тең. 

 

"Күннің буы" технологиясында жарық толқынының өлшемінен де кіші болатын нанобөлшектер қолданылады. Бөлшектер суға салынғаннан кейін күн сәулесі арқасында тез қызып, суды буға айналдыра бастайды. Зерттеушілер бұл ғажап технологияны алдымен таза ауыз су алу мақсатында тұзды мұхит суын тұщытуға пайдаланып көрмек. Сондай-ақ ғалымдар бұл технологияны электрэнергиясын алу жолында және медициналық құралдарды зарарсыздандыруда пайдалануға болады деп отыр.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com, allday.ru