- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Мұрағаттан америкалық ұшатын...
Мұрағаттан америкалық ұшатын тәрелкелердің сызбасы табылды
Жақында АҚШ Ұлттық Мұрағатының құжаттары ішінен ұшатын тәрелкелердің жобасы жасалған сызба табылды. Құжат бетінде «Project 1794, Final Development Summary Report» деген жазу бар. Ал құжаттың өзі бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған бірнеше сызбалардан тұрады. Табылған құжат 1956 жылы шыққан екен.
Құжатты тексерген мамандар бұл жоба кезінде канадалық Avro Aircraft Limited атты компанияға тапсырылған деп отыр. Ал аппарат болса, VTOL-ұшақтары сияқты етіп жасалуы керек болған. Яғни аппаратта вертикальды қозғалыс мүмкіндігі болған.
Ұшатын тәрелкенің жылдамдығы сағатына 4,8 мың шақырым, ал ұшу қашықтығы 1,9 мың шақырым болады деп жоспарланған.
Осылардан шығатын қорытынды: бәлкім сіз бен бізге кейде жылт етіп көрініп қалып жүрген тәрелке біз ойлағандай бөгде ғаламшардан емес, өзіміздің Жерден шығар?
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: planeta.moy.su, pawlow.ucoz.ua
Б. Қосмағамбет