- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Мұндай жеміс жеп...
Мұндай жеміс жеп көрдіңіз бе?
Генотипінде айырмашылығы бар екі организмді будандастырудан алынған жаңа организм ғылым тілінде гибрид, будан деп аталады. Бұл организм ботаника мен зоологияда зерттеліп келеді.
1694 жылы неміс ғалымы Р.Камерариус гибридтерді алғаш жасанды жолмен алуды ұсынған. Дегенмен ең алғаш рет 1717 жылы ағылшын бағбаны Томас Фэйрчайлд қалампырдың әр түрін будандастырып, теорияны тәжірибе жүзінде іске асырды. Қазіргі таңда жеміс-жидекке де тәжірибе жасалып келеді. Назарларыңызға будандасқан жеміс-жидек түрлерін ұсынамыз.
Тайберри – қара бүлдірген мен таңқурайдың буданы.
Плумкот – алқоры мен өріктің гибриді.
Йошта – қара қарақат пен қарлығанның (крыжовник) буданы.
Рангпур – мандарин мен лимонның гибриді.
Грейпл – түрі алмаға ұқсағанмен, жүзім дәмі бар жеміс.
Пайнберри – ананас дәмі бар ақ бүлдірген. Чили бүлдіргені мен вирджин бүлдіргенінің буданы.