Қытайлық ғалымдар адам санасының музыкасын тыңдау үшін миға терең зерттеулер жүргізіпті.
Зерттеу жұмыстарының принципі мынадай. Ғалымдар адам миының импульстарын аулап, оларды музыкалық толқындарға айналдырған. Бұл үшін қытайлықтар екі әдіс пайдаланыпты - энцефалография және магниттік-резонанстық томография. Содан соң тексергіш топ кәсіби музыканттармен бірігіп естілген дыбыстарды нотаға түсірген.
Тәжірибе аяқталған соң, зерттеушілер адам миының музыкасы джазға ұқсас екендігін айтты.
Шыны керек, бұл зерттеу жұмысы өте қиын әрі шаруасы өте көп. Ғалымдардың айтуынша, осы уақытқа дейін тек екі адамның миына зерттеу жүргізілген. Оның бірі жасөспірім қыз болса, екіншісі 30 жастағы әйел.
"Зерттеуіміздің нәтижелерін болашақта депрессия мен адам миындағы өзгерістерді емдеу кезінде қолданылатын музыкалық терапия кезінде пайдалануға болады", - деді жоба авторларының бірі. Айта кетелік, қазіргі кезде медицинада классикалық музыкалар кеңінен пайдаланылуда. Мәселен Моцарттың сонаталарын дәрігерлер депрессияны емдеу кезінде көп қолданады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: vokrugsveta.ru