Миллиардер "Темір адамдағы" технологияны іске асырды

Американдық инженер әрі миллиардер Элон Маск қол сермеу арқылы қандай да бір құрылымның көлемді сызбасын жасауға болатын технологияны шындыққа айналдырды. Айта кетсек, осыған ұқсас инженерлік трюктер көпшіліктің сүйікті фильміне айналған «Темір адамда» ("Железный человек") қолданылған еді. 

Керемет технологияны іске асыруға Маскқа кеңістікте қол қимылын бақылайтын Leap Motion қимыл бақылаушысы көмектескен. Аталған технологияның фильмнен жалғыз ғана айырмашылығы - голографияның жоқтығы екен, алайда Элон Маск оның орнын Oculus Rift виртуалдық ақиқат көзілдірігімен толтырған. Аталған көзілдірікті киіп, кез келген құрылымның бөлшегін қолда айналдырып тұруға болады. Масктың айтуынша, мұндай интуитивті түсінікті технология кез келген инженерлік идеяны санаулы секундтар ішінде заттандыруға мүмкіндік береді.

Қосымша ақпар: Элон Маск – 42 жастағы американдық инженер. SpaceX ракета компаниясының және электромобиль шығарумен айналысатын Tesla Motors-тың бас директоры. PayPal төлемақы жүйесінің негізін қалаушылардың бірі. Оның соңғы ірі жобаларының бірі Hyperloop – орташа жылдамдығы сағатына 965 шақырым болатын жоғары жылдамдықты құбыр желісі көлігі болған еді. 

writeFlash({"allowFullScreen":"true","allowscriptaccess":"always","src":"//www.youtube-nocookie.com/v/xNqs_S-zEBY?version=3&hl=ru_RU","allowfullscreen":"true","width":"450","height":"320"});

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: видео скриншоты