Меркуридің солтүстік полюсінде орналасқан терең кратерлерден мұз табылды.
Жаңалыққа куә болған америкалық ғалымдардың айтуынша, құрамында оргaникалық заттар бар бұл мұз айдындары осыдан бірнеше миллион жыл бұрын кометалар және астероидтармен соқтығысу кезінде пайда болған.
Осы орайда NASA мамандары Күнге ең жақын орналасқан планетада бұрын-соңды тіршілік болды дегенге сенбейтіндіктерін айтты. Себебі ондағы климат тірі организмдердің өмір сүруіне тым қолайсыз. "Дегенмен, - дейді ғалымдар, - бұл жаңалықтың арқасында Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын анығырақ түсінетін боламыз".
Айта кетелік, Меркурий - Күн жүйесіндегі ең кішкентей планета. Жер бетінен алыс әрі климаттың тым қаталдығынан ғаламшар ең аз зерттелген нысан болып табылады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: sudbazdorove.ru