Аудармашылардың бағына бұл мереке 1991 жылы ғана бітті. Сол жылы ғана Халықаралық Аудармашылар Федерациясы 30 қыркүйекті Халықаралық аудармашылар күні деп бекітті. Бұл көктен түскен, не жерден шыққан себепсіз күн емес. Дәл осы күні атақты латын аудармашысы, тарихшысы Иероним Стридонский өмірден өткен. Иероним Стридонский аударма ісінің жебеушісі болып есептелген. Ол талай жерді шарлаған, аса дарынды, білімді адам болған. Шөл дала кезген ол еврей және халдей тілдерін меңгеріп, көп жылдар далада қаңғырып кеткен. 386 жылы Вифлеемге келіп, осында бірнеше жылдар бойы Библияны латын тіліне аударумен шұғылданды.
Ендеше, аударма саласындағы барлық мамандық иелерін төл мерекелерімен құттықтаймыз!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
сурет: perevodliin.blogspot.com