Мектептегі 10 қателік

Мектептегі 10 қателік

Айтыңызшы, мектепте география, физика, химия сабақтарын жақсы оқыдыңыз ба? Шамасы, тисе терекке, тимесе бұтаққа деп қашқаныңызды біліп отырмыз. Сондықтан да, бүгін мектеп қабырғасында кеткен қателіктерді мамандар тұжырымдарына сүйене отырып, бірге түзеп көрейік. 

10-орын: Судың көкшіл болып көрінетіндігі – көк аспанның көлеңкесі түсетіндіктен деп санамызға сіңіріп алғанбыз. Мұның негізгі себебі су молекулалары көктен басқа күн спектірінің сәулесін түгелдей дерлік жұтып алады. Қысқасы, әсер көзге байқалмайды, оны тек судың бір метр тереңдігінен ғана көруге болады. Шалшықтардың көгілдір болмайтындығы да осымен тығыз байланысты.

9-орын: Жыл маусымдары бір сызықтың бойында емес. Жер тез айналып, оның орбитасы күнге жақындағанда, Оңтүстік жартышарда жаз болады (Солтүстік жартышарда қыс).

8-орын: Ең көп таралған қателіктердің бірі – тұмау ауа-райының қолайсыздығынан суық тигізіп алғандықтан пайда болады деген тұжырым. Шын мәнінде тұмауға ауа температурасының еш қатысы жоқ, ол вирустармен тікелей байланысты.

7-орын: Сатурн - жалғыз "сақиналы" планета емес. Юпитер де, Уран да, Нептун да сақиналы келеді. Бірақ, Сатурнның сақинасы ғарыштан айқын көрінеді.

6-орын: Жылы ауаға қарағанда, суық ауада су тамшылары көп мөлшерде болуы бұлт түзілуге себепші болады деген пікір қате. Бәрі де судың температурасы мен қоршаған ортаның температурасына байланысты. Осы ғана бұлттардың түзілуіне, дымқылдануына, булануына әсер етеді.

5-орын: Көп адамдар Христофор Колумбты жердің дөңгелек екендігін алғаш рет дәлелдеп шыққан ғалым ретінде таниды. Шын мәнінде теңізшілер жердің дөңгелек екендігін Колумбтан бұрын білген.

4-орын: Ұлы Қытай Қорғанын ғарыштан көрінеді деп жар салып жатамыз. Негізінде қорған төмен орбитада тұрғанға ғана көрінеді. Және мұндай орыннан теңіздегі кемелерді, темір жолдарды, тіпті бірнеше ғимараттарды көруге болады. Одан төмен орбитада бұлардың бірін де көре алмайсыз. Сондықтан Қытай қорғаны туралы бұл көзқарасты тым әсірелеушілік деуге әбден болады.

3-орын: Радиоактивтілік адамзаттың табысы емес. Бізді қоршап жатқанның бәрі де табиғи радиоактивтілік болып табылады. Радиацияны жер қабығы сәулелендіреді, ал ғарыштық сәулелендіру мен күн радиациясы орасан зор қуаттың нәтижесі.

2-орын: Антибиотиктер вирустарды өлтірмейді. Атауының бактерияларды өлтіретіндігін айтып тұрғанымен, бұл да жаңсақ пікір. Сондықтан тұмау секілді вирусты ауруға шалдыққанда, антибиотиктер ішіп әуре болмаңыз.

1-орын: Айдың "қараңғы беті" жоқ. Ай Жерді айналып жүреді, яғни орбитасы біздікіне сәйкес келеді. Серігіміз Күн мен Жердің арасына келгенде, оның арғы жағы сәулеленеді, ал бергі жағы көлеңкеде қалады. Ал Жер Күн мен Айдың ортасына келгенде ар жағы "түн", бер жағы "күндіз" болады.

Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева