- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Маса қандай адамдарға...
Маса қандай адамдарға құмар?
Масалар қандай адамдарды көбірек шағатынын білесіз бе? Олар күндіз не істейді? Осы секілді сұрақтардың жауабын және маса туралы басқа да қызықты деректерді оқи отырыңыз.
Масалар артық майы бар адамдарды және спортсмендерді жиі шағады. Спортпен шұғылданатындардың қаны таза болады, сүт қышқылы көп бөлінеді, толық адамдарда да холестерин, сүт қышқылы көп болады.
Жер жүзінде масаның 3000-нан астам түрі бар. Масалар ақшам уақытында, түнде ғана белсенді болады. Ал күндіз үйге, өсімдіктер арасына жасырынып, демалады. Күн шығып тұрғанда ояу жүргендері басқа жан-жануарға жем болады.
Масалар тұрқы жөнінен әртүрлі болады. 12,5 миллиметрден бастап 5 сантимертге дейін жететін масалар да бар.
Маса шақпайды, қанды сорады. Адамның денесіндегі бүкіл қанын сорып тауысу үшін 1 200 000 маса жеткілікті. Егер осындай маса бір адамға төнген жағдайда ол шыдамай өліп кетеді, бұл бір жағынан мүмкін емес жағдай.
Бұл жәндік үшін кішкентай баланың және адамның бірінші, екінші топты қаны «ең дәмді» көрінеді.
Масаның ұрғашысы ғана қан сорады, ал ері өсімдікпен, шырынмен қоректенеді.
@. @assel_assanova