NASA ғарыш агенттігінің «Кьюриосити» аппараты 2012 жылдың тамыз айынан бері Марсты зерттеумен айналысып келеді. Әзірге робот-зерттеуші ғаламшарда тіршіліктің бар болу мүмкіндігін анықтай қоймаған болса да, Қызыл ғаламшардың анық фотоларын жіберіп келеді. Алынған суреттердің бірі мысықтың көне бейнесі іспеттес тасты көрсетеді.
Бір қызығы бұл суретті NASA мамандары емес, әуесқой астрономдар ғаламторда жалпыға ортақ көруге рұқсат етілген суреттердің арасынан байқап қалған.
Мысықтың сырт келбетіне ұқсайтын тастағы бейнені қоғамға дәлелдеу үшін ғалымдар қарапайым Paint бағдарламасын қолданған. Атап айтқанда оның көмегімен мысықтың көзі, аузы және құлағы айқындалып алыныпты. Осы орайда төмендегі суретке қарап көз жеткізуге болады.
Сондай-ақ, Гейл кратерінде түсірілген суретте мысықтың бейнесі ғана емес, оның арт жағында орналасқан тастың да белгілі бір бейне беретіні байқалады. Ол не болуы мүмкін?
Егер «Кьюриосити» модулі Марста көне өркениеттің болғанын дәлелдейтін тарихи жәдігерді немесе кез келген мүсіннің толық нұсқасын таба алатын болса, бұл ғылымда үлкен төңкеріске алып келетіні анық. Торонто Университетінің ғылыми қызметкері Кан Ли осыған қатысты былай дейді:
«Ғаламда жоқ заттарды көретін адамдарды арамызда жиі кездестіруге болады. Адамның санасы белгілі бір бейнені анықтау үшін біршама уақыт қажет етеді. Оны өзінің танымында бар заттарға жақын қарастырады. Демек оның қиялы біз білетін заттардан ары кетпейді».
Ғалымдар мұны адам санасының ғарышта қоршаған ортамызға ұқсас нысандарды табуға бағытталғанымен түсіндіреді. Кішкене қиялды қосып, суретке мұқият назар аударылса, оның әр түрлі кейіпте көрінуі ықтимал.
Сурет: dailytorn.blogspot.com
Оқи отырыңыз:
NASA: «Марсқа адамдар 1979 жылы қадам басқан»
Галактикамызда Жаңа Күн жүйесі қалыптасты
Ғалымдар Күннің қара материясын анықтады
Жапон ғалымдары астероидтарда өмір бар деп есептейді
Астрономдар 8 жаңа экзоғаламшарды тапты