NASA ғарыш агенттігінің Марсты зерттеу үшін ұшырған «Curiosity» кезбесі өз жұмысын жалғастыруда. Жақында ғана «Curiosity» Марс кезбесі жақында Жер шарына өзінің түсірген кезекті суреттерін жіберді. Олардың арасында әйел бейнесі көрініп қалғаны да бар екен. Ендеше «қызыл ғаламшарда» түсірілген 7 «таңғажайып» сурет туралы айта отырайық.
Марстағы әйел
Қазіргі таңда әйел тұлғасы көрініп қалған «Curiosity» суреті ғаламтор беттерінде қызу талқылануда. Алайда ғалымдар мұны жоққа шығарып, Марста тіршіліктің болуы мүмкін емесін айтуда. Ал суреттегі "әйелді" көлеңкелерден пайда болған "елес бейне" ретінде түсіндіруде.
Құздағы шаян
«Curiosity» жіберген көріністердің бірінде шаян бейнесі де анықталған болатын. Кейіннен көп адамдар Марстағы құрылғыны шаян түсірілген аймаққа жіберу туралы "Nasa" агенттігіне арнайы өтінген де болатын. Ал агенттік шаян туралы көрініс жай көз алдаушылық екенін алға тартты.
Әйел бейнесі немесе "Марс сфинксі"
1976 жылы NASA түсірген суретте Марста жатқан адамның беті анық көрінеді. Бұл суретті көрген бойда әлем дүр сілкініп, режиссерлер бетті ғылыми-фантастикалық фильмдерге пайдалана бастаған. Шын мәнінде, бұл «бет» – Кидония деп аталатын Марс өңіріндегі төмпешік. Төмпешік 1998 жылы анықталып қайта түсірілген. Ол кезде адам бейнесі едәуір бұзылған.
Марстағы пирамида
Мұны ғалымдар шын пирамида деп есептемейді. Тек тастардан жасалған пирамида тәріздес кішкене дөң ретінде түсінік берді.
Марстағы гүл
2012 жылы камераға ілінген гүл туралы алып-қашпа сөз көп. Ғалымдар нақты жауап бере алмаса да, бұның биологиялық өсімдік емес екеніне 100 пайыз сенімді. "NASA" бұл объект не болса да, түрлі құбылыстардың әсерінен пайда болған дөңес ретінде хабарлады.
Жұмыртқа
«Curiosity» жіберген бұл суреттен жұмыртқа тәрізді затты аңғаруға болады. Бірақ, мұны "NASA" зерттеушілері жұмыртқа тәрізді тас деп мәлімдеді.
Қар адамы
Марстағы қар адамы бейнеленген сурет 2007 жылы түсірілген. Суреттен біреулер әйел адамды көрсе, енді біреулер «суреттегі – қар адамы» дегенді айтады. Енді бір топ маймыл деп жорамалдады. Ал зерттеушілер мұның барлығын жоққа шығарды. Бұл суретті өңдеу кезіндегі көлеңкелердің жиынтығы ретінде төмендегідей түсінік берді. Себебі, Марстағы бір сурет - жүздеген көріністердің қосындысынан тұрады екен. Нәтижесінде осындай "таңғажайып" суреттер жиі пайда болып тұрады. Бәлкім, бар құпиясы осы ғана болса керек.