- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Марсқа ғарышкер ұшыруға...
Марсқа ғарышкер ұшыруға қомақты қаржы қажет
Америкалық NASA ғарыш агенттігі қазіргі бюджетіне ескеріп, Марсқа адам жөнелтуге мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді. Егер бұл мәселені АҚШ үкіметі қарап, қаржыландыруды жандандырса, агенттік ғарышкерді Марсқа дайындау үдерісін бастайды. Сонымен қатар, NASA жекеменшік SpaceX сынды компаниялардың қолдауына да мүдделі.
Айта кетсек, соғы жылдары NASA Марсқа адам жіберуді ең басты жобаларының қатарына қосуды жоспарлаған. Америкалық агенттіктің мамандарды бұл жобаны іске асыру жоспарын толығымен дайындап, алғашқы қадамдарын да жасап үлгерген еді. Дегенмен, мәселе қаржыға келіп тірелгендіктен, бұл бағдарлама агенттік кеңесінің кейінгі отырысына дейін қалдырылды.
NASA агеттігінің ғарышқа адам жіберу мәселесімен айналысатын бөлімінің жетекшісі Уильям Герстенмайердің айтуынша, Марсқа ұшу өте қымбатқа түседі. "Үкіметтен бөлініп жатқан қаржы 2 пайызға өскен болса да, бұл Қызыл ғаламшардың үстіне қонуға жеткіліксіз", - дейді Герстенмайер мырза.
Америкалық агенттіктің соңғы жылдары жұмсалып жатқан қаржысының басым бөлігі SLS зымыраны мен Orion ғарыш аппаратына бағытталған. Бұл да Марсқа ұшу жоспардың белгісіз бір күнге дейін тоқтатылуына негіз болған. Әзірге NASA жылдам жүзеге асатын жобалармен айналысуды жөн көріп отыр.
Ж. Өрісбай