- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Марс гравитациясы серігін...
Марс гравитациясы серігін жойып жібереді
Қызыл ғаламшардың ең үлкен табиғи серігі Фобостың орбита бойымен айналу траекториясы уақыт өте өзгеріп келеді. Ол шамамен 30-50 миллион жылдан кейін Марстың тартылу күшінен жойылып кетеді. Бұл туралы NASA ғарыш агенттігінің Годдард атындағы ғарышқа ұшу орталығының ғалымы Терри Харфорд мәлімдеді.
Марс пен Фобостың ара қашықтығы 6 000 шақырым. Табиғи спутниктің Марсқа тартылу күші үлкейген сайын мәселе күрделеніп келеді. Ол әр жылда Қызыл ғаламшарға 2 метр жақындай түседі. Фобос жақындаған сайын Марстың нысандарды сыртқа тебетін кедергі күші ұлғаятыны белгілі. Нәтижесінде Фобос майда бөлшектерге бөлініп кетуі мүмкін.
Фобос бедерінің өзгеруі Харфорд теориясына дәлел бола алады. Ғалымдар бұрын оның беткі қабатындағы жарықтардың өзге ғарыш нысандарымен соғысудан пайда болғанына сенген. Ал NASA астрономы олардың қалыптасуындағы негізгі күш Марс гравитациясы екенін дәлелдеді.
Ғалымның айтуынша, Фобос толығымен жойылғаннан кейін Марстың айналысында уақытша сақина пайда болады. Дегенмен ол көп өтпей қызыл ғаламшардың атмосферасына сіңісіп кетеді. Ал Марстың екінші серігі Деймосқа әзірге еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Ж. Өрісбай