Мәңгі жасыл өсімдік

Мәңгі жасыл өсімдік дегенде, көз алдыңызға шырша, арша сынды қылқан жапырақтылар келгендігіне күмәнім жоқ. Бірақ, менің айтпағым мүлде басқа нәрсе!

Бүгінгі әңгімемізге арқау болатын Жер шарындағы флора түрлерінің ешбіріне ұқсамайтын таңғажайып өсімдік Оңтүстік Америка жерінде өседі. Жаратылысы да, қасиеті де, келбеті де ерекше келетін дүниенің аты - Ярета.

Ярета - өте сирек кездесетін өсімдік. Ол Чили, Аргентина, Перу және Боливия сынды бірнеше елде ғана көктейді. Көбіне теңіз деңгейінен 3200-4500 метр биіктіктен ғана көруге болады.

Өсімдік бір қарағанда өте үлкен болып көрінуі мүмін. Алайда бұл - Яретаның бірнешеуінің бір жерге жинақталған тобы ғана.

Мәңгі жасыл көпжылдық өсімдік 12 ай бойы өзінің жапырағын тастамайды. Ғылымда 3 мың жыл өмір сүрген Ярета анықталған. Бұдан оның адамзат тарихынан бұрын пайда болғандығын аңғаруға болады. Мамандардың айтуынша, Ярета жыл сайын екі сантиметр қосып тұрады екен. Гүлі нәзік және қызғылт түсті.

Жергілікті тұрғындар Яретаны тағам дайындау үшін отын ретінде пайдаланады. Алайда оны қолға түсіру үшін біраз еңбектену керек. Өсімдіктің өте қатты келетін ішкі бөлігі қарамай алу үшін де қолданылады.

Медицина Яретаны мойындамағанымен, байырғы тұрғындар оны ревматизм ауруларын емдеуде қолданған екен. Ярета жапырақтарынан әзірленген хош иісті шәй қан қысымын қалыпқа түсіріп, диабет ауруына едәуір көмектеседі. Арықтағысы келетін нәзік жандыларымызға да көмегі жоқ емес (тәбетті төмендетеді).

Өкініштісі, бүгінде табиғатта Ярета сиреп барады. Адамдар оны бір шапқаннан кейін, қайта қалпына келмейтіндігіне назар аудармайды. Сондықтан, экологтар жоғарыда аталған төрт мемлекетке де Яретаны шабуға тыйым салып отыр.

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева