Малевичтің "қара шаршы" құпиясы

Малевичтің "қара шаршы" құпиясы

«Қара шаршы» туындысының Малевичке дейін салынып қойғанын білесіз бе? Білгіңіз келсе, бұл туынды алғаш рет 1883 жылы жарық көрген. Авторы - француз журналисі, жазушысы және де өзінің оғаштау мінездерімен бүкіл қалаға танымал болған – Алле Альфонс болатын. Оның осы бір қанша қараса да адам түсініп болмас, талайды қызықтырған, талайдың күлкісіне ұшыраған «қара шаршысы» «Қараңғы түнде үңгір ішіндегі негрлер ұрысы» деген атау да алған. Суреттің өзіне келетін болсақ, алғаш рет Вивьен галереясының «Отвязанный исскуство» көрмесінде көпшілік қауымның назарына ұсынылған.

Бұған қоса ақ, қызыл шаршылар да тұңғыш рет Алле Альфонстың талантының арқасында картина бетіне түсіп, көпшілік көрмелерге жол тартты. Оның «Ақ шаршы» шығармасы «Қыз балалардың қардағы алғашқы мейрамы» деп аталатын (1883 жылы орындалған). Ал «қызыл шаршы» - «апоплексиялық кардиналлдардың Қызыл теңіз жағалауында қызанақ өнімін жинауы» деген атауды алған (ал бұл 1884 жылы шыққан). Қатты үңіліп қарасаңыздар, шедеврлердің қандай сыр бүгіп жатқаны көрінеді.

Алле Альфонстың суреттеріне қала жұртшылығы қызықпады. Тіпті, осы суреттерді көре қалса, қандары қарайып шыға келер еді. Шынында да, бұл суреттер адам баласын мазақтап тұрғандай көрінетін. Бір түсті суреттердің тақырыбы ғана еліктіретін-ді.  Осынысы үшін ғана  адамдар келіп, осынысы үшін ғана тамашалады. Шамасы, табиғатынан болмысы бөлек суретшіні түсіну қиын шығар.

Форумда талқылау

Суреттер znaeteli.ru сайтынан алынған

Ж. FM