Қызғалдақ туралы ең алғашқы деректер ІХ-ХІІ ғасырларға жатады. Гүлдің ол замандағы атауы - "дюльбаш", сөзді аударатын болсақ "тюрбан" деген мағынаны білдіреді. Тюрбан - Шығыста киілетін бас киім үлгісі.
Өз сарайларында тірі гүлден кілем төсеуді армандайтын түрік сұлтандарының ең сүйіктісі де осы сұлу гүл болған деседі. Өткен жолы өздеріңізге қызғалдақтың Отаны туралы баяндаған болсақ, бүгін оның пайда болуы туралы әдемі аңыздардан сыр шерткелі отырмыз.
Ерте, ерте замандарда әлемнің бар бақыты сары қызғалдақтың орамына жасырылып қойылған және оған жетіп, бақытқа қол жеткізуді армандамайтын адам болмаған деседі. Өкінішке орай, ондай бақ ешкімнің басына қонбайды. Айлар өтеді, жылдар өтеді, күндердің-күнінде ойын қуып, бейғам жүрген шынашақтай бала қолға сол гүлді алса, қауызы өзінен-өзі ашылып сала берген. Содан бері қызғалдақ бейкүнәлілік пен тазалықты, пәктіктің нышаны саналып келеді.
Келесі бір аңызымыз аздап көңілсіздеу келеді. Гүлдер тілінде қызғалдақ - махаббат сезімін жеткізу дегенді білдіреді. Бұл туралы мынадай парсы аңызы айтылады: "Парсы патшасы Фархад Ширих есімді сұлуға өлердей ғашық екен. Сондай тәтті сезімдермен мас болып жүрген патшаға бақталастары жас бойжеткеннің бақилық болғанын жекізеді. Ондай сұмдықты қабылдауға дәті шыдамаған Фархад тұлпарына мінеді де, айдалаға шауып кетеді. Сүйікті перизатынсыз өмірді қаламағандықтан, атын босатады да, өзі жардан құлап өледі. Патшаның құлаған жеріне қан ағып, олардың орнына қып-қызыл қызғалдақтар өсіп шыққан.
Қызғалдақтарды өсіру үрдісі ең алдымен Парсы жерінде басталып, кейіннен Кіші және Орта Азияға, Түркияға тарайды. Қызғалдақтар Отаны деп атап жүрген Голландиямызға бұл гүлдер 1570 жылы жеткізіліп, түрлі сорттары ойлап табылады.
Көп ұзамай елімізде қызғалдақтар дәурені басталады. Махаббат пен тазалықтың құлы болсаңыз, қызғалдақ теруге қамданыңыз!
Суреттер: flower-12.webasyst.net ,www.wallplanet.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева