- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Махаббат есірткі ме?...
Махаббат есірткі ме?
Күнделікті тұрмыста "махаббат – есірткі" деген сөзді жиі құлағымыз шалып қалады. Алайда, осы сөздің байыбына барып, ақиқат я жалған екендігін анықтаған ешкім жоқ.
Таяуда ғалымдар таңғажайып тұжырымды жариялады: олар романтикалық қарым-қатынастардың дәл әртүрлі есірткілер әсер ететін мидың орталығында өңделетіндігін және әсер тудыратындығын анықтаған. Осы себептен адамдар қатты ғашық болғанда есірткі еккеннен кейінгі секілді сұмдық әрекеттер жасайды. Ал сүйіктісімен бірге болғанда жаны жай тауып, ләззат алады.
Нью-Йорк қаласындағы Альберт Эйнштейн атындағы медицина колледжінің неврологы Люси Браун: Ғашық адам шексіз бақытты болады, алайда, бақыт сезімі алаңдаушылық сезімімен қатар жүретін сәттер жиі қайталанады. Мидың рахаттану аймағы біздің өмір сүруіміз үшін өте маңызды. Кейде адам өзін басқара алмауы мүмкін" деген ойын айтады.
Тағы бір психолог дәрігер Артур Арон: "Махаббат пен құмарлық та есірткі секілді бастағы мидың бір аймағын күшейтеді, екеуі де бір аймақта өңделеді" деген. Ол осы тұжырымды айту үшін 10 ғашық әйел мен 7 ғашық еркектің бас миының магниттік-резонанстық бейнелерін зерттеген. Қатысушыларға олардың сүйіктілерінің немесе ұқсас келетін адамдардың суреттері көрсетіледі. Нәтижесінде, романтикалық махаббаттың адамның ғана қабілеті бар ең күшті эмоция екендігі анықталды. Зерттеушілер ғашықтардың ми орталығы сүйіктілерінің жансыз бейнелерін көргенде шынайы өмірде кездескендей күшейетіндігіне көздерін жеткізді. Әсіресе, ұзақ уақыт қарым-қатынаста болған адамдардың белсенділігі өте жоғары болған.
Дәрігер Аронның айтуынша, көп адамға құмар махаббатың өшуі баяу жүреді де, бауыр басушылық күшейе түседі. Осы жақындық жұптардың ұзақ уақыт бірге болып, бала тәрбиелеуіне себепкер болады. Ал құмарлық өшті дегенше, серігім біржола кетеді деп ойлай беріңіз.
Ал сіз махаббаттың есірткі екендігіне сенесіз бе?
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева