1. Жердің жасанды серігі Жерді 1 сағат 40 минуттың ішінде айналып өтеді, ал басқасы болса оны 100 минутта жасайды.
Сұрақ: Ол қалай болғаны?
***
2. Қонақ үй 7 қабатты. Бірінші қабатқа төрт мейман келіп қоныстанады, ал қалған қабаттарында 2 адамнан көп мекендейді.
Сұрақ: Қай қабат жеделсатыны жиі шақырады?
***
3. Екі қала бір-біріне жақын орналасқан. Біреуінде өтірікшілер, екіншісінде шыншылдар тұрады. Екі қаланың тұрғындары бір-біріне жиі қонаққа келеді.
Сұрақ: Қай қалада тұрып жатқаныңызды білу үшін қандай жалғыз бір сұрақ қойса болады?
***
4. 19 + 15 = 10
Сұрақ: Есеп қандай жағдайда теңеседі?
***
5. Қол астыңызда жұмыс істеп жатқан жұмысшыңыз ақшаны алтынмен бергенін қалайды. Сіздің қолыңызда сол жұмысшының 7 күндік жалақысына татитын алтын құймасы бар. Құйма беті жеті белгіге алдын ала таңбаланып қойған.
Сұрақ: Егер сізге құйманы екі бөлікке бөлуе рұқсат беретін болса, ал жұмысшыға төлемді күніге жұмыс аяқталған сәтте беру керек, сіз бұл мәселені қалай шешетін едіңіз?
***
6. Әкесі мен баласы апатқа ұшырады. Әкесі өкінішке орай сол күні көз жұмады. Бала жан сақтау бөлмесінде жатқанда бір дәрігер келіп «Бұл менің балам!» деп қоймайды.
Сұрақ: Бұл мүмкін бе?
***
7. Сағат тілі 3 сағат 15 минутты көрсетеді.
Сұрақ: Сағат тілі неше градусты көрсетеді?
***
8. Берілген санға математикалық теңдеулерді қойып жауабына сәйкестендіріңіз.
9999999 = 100
***
9. Көктемде төрт аяқтап, жазда екі аяқтап және күзде үш аяқтап жүреді.
Сұрақ: Бұл не?
***
10. Жетпей тұрған санды қойыңыз: 8 12 16 20 _
***
11. Артық сөзді алып тастаңыз:
Юпитер Аполлон Марс Нептун Меркурий
***
12. Қазақстан елінің қаласын табыңыз: ДЛОНОН, ДАДМРИ, АЗРТА, ШБКЕКИ
***
13. Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып жатқан болса, онда 72 сағаттан кейін ауа-райы ашық болады деп сенуге бола ма?
***
14. Сөз мағынасын тауып, жіберілген әріпті қойыңыз: СААМРАН _
***
15. Екі адам бірге кетіп бара жатыр. Біріншісі екіншісінің баласының әкесі.
Сұрақ: Бұл қалай?
***
16. Есептің жауабын табыңыз:
2 4 _ 11 16
3 7 _ 21 31
***
17. Әкем 31 жаста болғанда, менің жасым 8-де болған. Ал қазір ол менен екі есе үлкен.
Сұрақ: Менің жасым нешеде?
***
18. Жетпей тұрған санды қойыңыз:
ПАРИЖ 35412 ЖИР 325 ПАР 576 РЖА _
***
19.Екі қыз балада бірнеше алмадан бар. Егер біріншісі екіншісіне 2 алма беретін болса, онда біріншісінде 2 алмаға кемиді. Ал егер екіншісі біріншісіне 2 алма беретін болса, онда оларда алма саны теңеседі.
Сұрақ: Әр қызда неше алмадан?
***
20. Су берсең өледі, тойдырсаң өмір сүреді.
Тапсырмалардың нешеуіне дұрыс жауап бердіңіз?
Оқи отырыңыз:
Миды дамытудың жолдары
Есте сақтау қабілетін жақсарту. Жалғасы
Логикалық тапсырмалар. Онлайн орындау #1
Гарвардтықтарға берілетін логикалық тапсырмар
Ақын-жазушылардың интеллектісі қандай? - Massaget.kz