Логика (грекше logic- «талдауға құрылған», logos — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл», «парасат») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары, ой өрісін дамытуға арналған ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдерінің жүйесін қарайтын ғылыми теориялар мен гепотизалар жиынтығы.
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған, тәуелсіз ойлай алатын, кез келген нәрсені екі жақты қарастыратын, істің мән-жайын дұрыс шеше білулері.
Осыған орай барлық жас санаттағы адамдарға арналған онлайн сұрақ-жауап логикалық тапсырмалар беріп отырмыз. Бұл дегеніңіз сіздердің ойлау қабілеттеріңізді бір тараптандырып, қабылданған дүниені жан-жақты қарастыруға машықтандырады. Бұдан былай сіздерге осындай ой өрісін жоғарылататын тапсырмаларды жиі беріп отыруға тырысатын боламыз.
Логиқалық тапсырмалар:
1. Саны мен әріп санының бір-бірімен сәйкес келетін екі санды атаңыз.
***
2. Қандай айда 28 күн бар?
***
3. Иттің құйрығында таба ыдыс байланып тұр. Ит ыдыстың дауысын естімеуі үшін қандай жылдамдықпен жүгіруі тиіс?
***
4. Иттің мойны ұзындығы он метр болатын жіппен байлаулы. Бірақ ол 200 метр қашықтықты жүріп өтті. Бұл қалай болғаны?
***
5. Көзді жұмып нені көруге болады?
***
6. Суға батпайды, отқа жаңбайды?
***
7. Аустралиялықтар нені теңіз арасы деп атайды?
***
8. Жасыл түсті көргеніңізде не істеуіңіз керек?
***
9. Тамақты қандай ыдыс-аяқпен ішу мүмкін емес?
***
10. Астананы бұрын Ақмола деген, ал қара түсті қаланы ше?
***
11.Бұрынғы заманда адамдар жалпы қоймаларды алшақ жерлерде салған. Неліктен?
***
12. I Петр уақытында Ресей империясының елтаңбасында 4 теңіз бейнесі бар бүркіт суреті салынған болатын. Ол қандай теңіздер?
***
13. Қай Герман тайпасының есімі бүтін бір елдің атауын иеленді?
***
14. Кеңес одағының Қызыл әскеріне Ұлы Отан соғысын ұтуына үш нәрсе себепші болған: аяз, салшық, тышқан. Мұнда тышқан жануарынының қатысы не?
***
15. Алғашқы кездесетін бес күн (Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі...) мен бес санды (1, 2, 3...) атамай көрсетіп беріңіз?
***
16. Отыз екі жауынгердің, бір басшысы бар.
***
17. Он екі бауыр бірге ілесіп жүреді.
***
18. Қара түсті мысық қай кезде үйге оңай кіріп кетеді?
***
19. Жолда екі әке мен екі баласы кетіп бара жатып, үш алма тауып алады. Тауып алған алманы олар бір-біреуден бөліседі. Бұл қалай болғаны?
***
20. Кішкентай, сұр түсті піл неге ұқсайды?
Жауаптарыңызды төменде пікір ретінде қалдырсаңыздар болады!!!
Оқи отырыңыз:
Есте сақтау қабілетін жақсарту. Жалғасы
Гарвардтықтарға берілетін логикалық тапсырмар
Ақын-жазушылардың интеллектісі қандай? - Massaget.kz
Ұлттық тестілеу орталығының директорына сұрақ қоюыңызға ...