Профессор:
– Ұшып бара жатқан тікұшақта 500 кірпіш бар. Оның біреуі жерге құлап түсті. Тікұшақта неше кірпіш қалды?
Студент:
– Енді, әрине, 499 қалады!
– Дұрыс. Келесі сұрақ: пілді тоңазытқышқа 3 қадаммен қалай кіргізсе болады?
– Бірінші – ашасың, екінші – пілді саласың, үшінші – тоңазытқышты жабасың.
– Жақсы... Ал бұғыны ше? Оны 4 қадаммен қалай кіргіземіз?
– Бірінші – ашасың, екінші – пілді шығарасың, үшінші – бұғыны саласың, төртінші - тоңазытқышты жабасың.
– Тамаша! Аң патшасы арыстанның туған күні өтіп жатыр. Оны құттықтауға барлық жануар келеді, тек біреуі ғана келмей қалады? Неліктен?
– Ағай, неткен қарапайым сұрақ?! Бұғы сол баяғы тоңазытқышта қамалып жатыр ғой?
– Керемет! Ары қарай жүрейік. Әже қолтырауын мекендейтін саз балшықтан өте ала ма?
– Әрине, өте алады. Себебі қолтырауынның барлығы арыстанның туған күнін тойлап жатыр.
– Жарайсың! Ал енді ең соңғы сұраққа да келіп жеттік. Әже саз балшықтан аман-есен өтеді, бірақ сонда да өліп қалады? Оған не болды?
– М- м-м... Мүмкін апа балшыққа батып кеткен шығар?
– Жоқ, олай емес, оның басына кірпіш құлап кетті. Барлығың емтиханды қайта тапсырасыңдар!