Линус - әлемдегі құйрық-жалы ең ұзын жылқы

Осы бір құйрық-жалдары ұзын жабайы жылқылардың тұқымы туралы естіп пе едіңіз? Орегон тауларында өріп жүрген, үйір-үйір жылқылардың түстері сары, құйрық-жалдары керемет ұзын болып келетін. Міне, сол жылқылардың адам баласының қолына көшкен соң да,  құйрық-жалдарының өсуі бір тоқтамаған. Және аталған тұқымнан шыққан құйрық-жалы ең ұзын жылқы Линус болып саналады. 1884 жылы туылған жылқы қаншама жылдар бойына цирк өнерінің бойтұмарына айналып келіп еді.

Атақты жылқы бастапқы кезде ағайынды Рутэрфорд Мариондардың иелегінде болатын. Кейінірек бүкіл Орегонның басты сұлулығына айналған шақта иелері циркке тапсырғанды жөн көреді. Содан бастап, цирк өнерінің де тасы өрге домалап, арбаға жегілген жылқыны көру үшін ағылған жұрттың санында есеп болмапты.

Ендігі кезекте атақты жылқының күтімі қалай болды екен деп сауал ұрттап отырған боларсыз?! Әрине, төгіліп жүретін құйрық-жалы жылқының өзіне ұнамаса керек-ті. Және қанша ұқыпты таралып қойылғанымен, құйрық-жалы жиі шатасып кете берген сыңайлы...

1894 жылы 10 жасында көз жұмған атақты жылқының артында бір тұқым қалған екен. Алайда, ол тұқымның да көзі кетсе керек... Енді орегондық құйры-жалдары ұзын жабайы жылқыларды тек суреттен көре аласыздар.

Сурет:animal.com

Дайындаған: Фараби Бақыт