Қазіргі күндері баспалдақ басып көтерілгенге ерінген кез келген адам үшін лифт құрылғысы таптырмас көмек. Тек электр қуаты сөніп қалмаса деп тілейміз... Ал сіз осы лифтте келе жатып, алғашқы лифттер мен олардың қалай пайда болғаны жөнінде ойланып көрдіңіз бе? Қызық, иә? Ендеше бүгін біз тарих беттерін ақтара отырып, лифт тарихының тарауларына тоқталмақпыз!
Ежелде египеттіктер пирамиданы тұрғызып жатқанда тастарды жоғары шығару үшін бүгінгі лифттерге ұқсас көтермелерді қолданған екен. Ерте заманда гректер жүктерді тасу үшін күші көп құлдарды жеккен. Ал ортағасырда бұл ауыр жұмыс құлдармен бірге малдардың де міндетіне айналғаны жасырын емес.
Әлемдегі алғашқы лифттер Версальде XV Людовиктің сарайында тұрғызылған. Содан кейін орыс монархтары да өздерінің Қысқы Сарайларына орналастырды. Көбіне олар малды жегіп, солардың күшін пайдаланды.
Лифт құрылысының дамуы арқасында түрлі құрылыс заттары шығып, малдар аз болса да, артық күштен арылып қалды. Алғаш құбырлар, содан кейінгі жылдары гидравликалық лифттер өмірге келіп жатты.
Алғашқы қауіпсіз лифт «Отис» (автордың атымен аталған) фирмасында іске қосылды. Ол өте жай қозғалатын болған. Бірақ бұл лифттердің шынжыры үзіліп кететін жағдайда сақтану қиын болатын. Сондықтан оны адамдар көп қолданған жоқ.
Халыққа арналған электрлік лифттер дүниеге келген соң, оны барлық үлкен ғимаратты үйлер мен баспаналарға орналастыра бастады. Алғашқы электрлік лифттер секундына екі метрлік жылдамдықта жұмыс жасап тұрды. Құрылыс саласындағы темірбетон деген жаңа сөз осы лифттерде жиі пайдаланылды. Ал қазір көздеген қабатқа көзді ашып-жұмғанша жеткіңіз келсе, бір ғана тетікті басасыз да, лифттің қызметіне жүгіне аласыз.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: img13.nnm.ru, vyasnom.ru, turbosquid.com