- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- «Кьюриосити» Марстан метан...
«Кьюриосити» Марстан метан таба алмады
Марстың атмосферасында метан жоқ болып шықты. Бұл туралы NASA аэроғарыш агенттігі хабарлады.
Планетадан бұл газ табылған жағдайда, Марста тіршілік иелері бұрын соңды болған деген шешімге келуге болар еді. Дегенмен, дейді ғалымдар, «Кьюриоситидің» жүргізген зерттеуінің нәтижесінде Қызыл планетада метанның өте аз мөлшерде ғана болуы мүмкін екендігі анықталды.
Бұл тектес зерттеу жұмыстары бұрын соңды болып көрген жоқ. Тек жерден және орбиталдық аппараттардан ғана аналогиялық зерттеулер жүргізілген. Ал Марс атмосферасының ішінен тұрып жасалып жатқан зерттеу жұмысы алғаш рет орын алып отыр.
Айта кетелік, тірі организмдер бөліп шығаратын бұл газдың Жер атмосферасындағы үлес салмағы 0,0002 пайызды құрайды. 2003 жылдан бері ғалымдар Марс бетінде де метанның барлығын айтып, шар ұрып келген еді. Дегенмен соңғы зерттеулер газдың Марс атмосферасындағы үлесі бар-жоғы миллиардтан бір бөлік қана болуы мүмкін екендігін білдіріп отыр.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: marsiada.ru