Бүгін сіздердің назарларыңызға қызықты деректер топтамасын ұсынамыз.
Эвереске шығып бара жатып өлгендерден түсіп келе жатып, өлгендер көп.
Бір баланың он айлығында көзі көрмей қалыпты. Содан дәрігерлер 52 жасында көзді қалпына келтіреді. Алайда, әлгі адамның көрген сұмдығы соншалықты, екі жылдан соң өзін-өзі азаптап өлтірген.
19 ғасырда бензол қырыну мақсатында пайдаланылған.
Ағайынды Гриммдер жазған "Қар қызының" ("Белоснежка") бір нұсқасында ызалы королеваны қыздырылған темір туфлимен билеуге мәжбүрлейді екен. Ақыры королева азаптанып өледі-міс.
Уилл Смит шын мәнінде де Кубик-Рубикті жинай алатын боп шықты. "Бақытты қуу жолында" кейіпкері жинастыратын емес пе еді?!
Шындығында айна сұр-жасыл түсті болып келеді.
АҚШ-тағы әр бесінші ажырасу Facebook-тің кесірінен болатын көрінеді.
Тунец аузын ашып жүзуге мәжбүр (ұйықтап жатқанда да). Себебі, желбезектері су тарта алмайды. Егер де аузын жабатын болса, тұншығып қалады.
"Титаниктің" апаты кезінде бірде-бір механик тірі қалмаған. Олардың бәрі кеме құлап бара жатқанда да қозғалтқыштың жұмыс істеуі үшін бір сәтке босамаған. Өз кезегінде жұрттың құтылып шығуға деген мүмкіндіктерін жоғарылатқан.
сурет:theoryandpractice.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек