Мексикалық Парикутин жанартауының атқылауы 9 жылға созылған (1943-1952), осы уақыт аралығында 2 774 метрге көтерілген.
Конституциясы ең ескі ел – Сан Марино, 1600 жылы жазылған.
Температурасы бойынша ең салқыны – Ресейдегі Ақ теңіз, мұнда -2 °C көрсетеді, ал ең жылы теңіз – Персид аралдарында, температурасы – 35,6 °C дейін жетеді.
Бетінің ауданы бойынша әлемдегі ең үлкен қала – Хулун Буир, ол Қытайдағы Ішкі Моңғолия ауданында орналасқан, ауданы – 263 953 шаршы метр.
Жер атауы бойынша ең қысқа сөз – «Å». Бұл Швеция мен Норвегияда орналасқан кішкене ауылдың аты. Скандинавия халықтарында «Å» – «өзен» деген мағынаны білдіреді.
Гонконг аймағында 236 арал, тек бір ғана түбек бар.
Египеттің 90%-ы шөлейтті аймақ.
Қытай елі 16 мемлекетпен шектеседі.
Науру – әлемдегі ресми астанасы жоқ жалғыз мемлекет.
Багамада 700 аралдың ішінде тек 30 аралды ғана адамдар мекендейді.
Монако князьдігінің ауданы небары 370 акр (1,5 шаршы метрге жетпейді).
Әлемдегі орманның 25 пайыздан астамы Сібірде орналасқан.
Панама – күннің шығуын Тынық мұхитынан, ал батуын Атлант мұхитынан тамашалауға болатын әлемдегі жалғыз жер.
Солтүстік полюсте жылына 186 күн бойы күн көзі көрінбейді.
Әлемдегі ең биік 25 шыңның 19-ы Гималайда орналасқан.
Антарктика – теңіз деңгейінен төмен аумағы жоқ жалғыз континент.
1979 жылы 18 ақпанда Сахарада қар жауды.