1893 жылы Американың жоғары соты қызанақты заңды түрде көкөніс деп жариялаған. Ботаниктердің көзқарасына келсек, қызанақ – таза шырынды жеміс. Осы көзқарас бойынша, ағайынды Никстер одақтасып, қызанақ өнеркәсібімен айналысып, шекара қызметінің шенеунігі Эдвард Хеденнің үстінен арыз тастайды. Себебі, 1883 жылы кедендік одақ тарифі көкөністерге салық салып, жеміс-жидектерді тысқары қалдырды. Бір ауызбен айтқанда, жеміс-жидектерге ешқандай салық салынбайды деген сөз еді. Ағайынды Никстер ботаника саласындағы өз біліктерін ескеріп, біруақытта заңды да түсініп, өз өнімдерін ешқандай салықсыз АҚШ ішінде тасымалдағысы келді. Бірақ, әккі Эдвард Хедден мемлекеттен қулық аспай тұрғанда, көкөністерге салынған салықтың мөлшерін да белгілеп тастайды. Өйткені, қызанақ аспаздық әлемінде тәтті жеміс ретінде қойылмайтын. Осылай шешкенді шенеунік жөн деп тапса керек.
Ашуланған ағайынды Никстер шенеуніктің үстінен шағым түсіреді. Алайда жоғарғы сот мемлекет мүддесін артық қойып, сот шешімі қызанақты көкөніс деп бекітіп тастайды. Шынымен, қызанақтың қанша шырынды болғанмен, ас мәзірінде дисерт қатарында қойылмайтыны рас. Міне, осылай қызанақты көкөніс ретінде танып кеттік.
Форумда талқылау
Сурет dlyamilihdam.ru сайтынан алынған