Қытай Жердің табиғи серігін зерттеуге өз ұсынысын тастады. Аспан асты елінің ұлттық ғарыш аппараты Айдың орбитасына жетіп, оны зерттеу технологиясын дайындайтын болады. Бұл туралы Қытайдың «Синьхуа» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Айта кетсек, Ай бойымен 8 сағаттық айналымға ие болатын қызметтегі модуль өткен жылдың соңына қарай ғарышқа жеткізілген еді. Ол бүгінге дейін Ай мен Жердің аралық орбитасында айналып жүрген. Аппараттың әртүрлі мақсатпен модульдерге бөлінуі қараша айында орын алды. Солардың біреуі айға бағытталған болатын.
Қазір аппарат Айдан 200-5300 шақырым аралықтағы қашықтықпен айналуда. Осы зерттеулерді толыққанды жалғастыру үшін Қытай ғалымдары 2017 жылы «Чанъэ-5» модулін ұшыруды жоспарлап отыр.
«Чанъэ-5» аппараты Айдың бетіне сәтті қонып, 2 килограмм Ай бөлшектерін жинаған соң Жерге қайтып оралуы керек болады. Егер тәжірибе жұмыстары өз нәтижесін берсе, Қытай Айды зерттеуге қатысқан АҚШ пен Ресейден кейінгі үшінші ел атанбақ.
Ұлттық бағдарлама аясында Қытай ғалымдары осыған дейін Жердің табиғи серігін зерттеу мақсатында екі зонд ұшырған. Бірақ олардың ешқайсысы да Жерге қайтпады.
Сурет: invigilare.com
Оқи отырыңыз:
2015 жылғы ғарышты зерттеуге бағытталған жобалар
Болашақтың аяқ киімі ағымдағы жылда шығады
Қытайдың ғарыш аппараты Айды зерттейді
Астрономдар 8 жаңа экзоғаламшарды тапты
Күннің салмағы қанша?