Қытай өлім жазасына кесу және оны жүзеге асыру санына қарай бірінші орындағы ел. Түрлі мәліметтерге сәйкес, Қытайда жыл сайын 2-7 мың өлім жазасы іске асырылады. Яғни, Қытайда әлемдегі қалған барлық елдердегі жиынтық саннан көп адам өлім жазасына кесіледі. Тағы бір атап өтерлігі, Қытайдағы соттар қылмысқа қатысы бар деген күдіктілердің 99%-дан астамын айыпты деп таниды. Кейінгі 10 жылда 6 млн астам адам қылмысқа кінәлі деп танылған.
Қытайда өлім жазасы төмендегі қылмыстарға байланысты жүзеге асырылады:
Еліне опасыздық жасағанда; Сепаратизм; (Сепаратизм – бөлектену, оңашалануға тырысушылық. Көп ұлтты мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері алдына бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға ұмтылуы) Қаруды заңсыз қолданғанда; Дұшпандарға жақтасқанда; Тыңшылық әрекеттер жасағанда; Мемлекеттік құпияларды дұшпандарға табыстағанда; Дұшпандарға ақшаға сатылғанда; Абайсызда өрт шығарғанда; Су тасқынына алып келетін қылмыстар жасағанда; Жарылысқа әкеліп соқтыратын қылмыстық әрекеттер жасағанда; Уландыратын заттарды пайдаланғаны үшін; Қоғамға кері әсерін тигізген үшін; Біреуді көлікпен қағып кетсе; Қоғамдық көліктерді өз көлігімен қағып кетсе; Энергиялық құрылғыларға зиянын тигізген кезде; Жарылғыш қасиеті бар құрылғыларға зиянын тигізген кезде; Әуе ұшақтарын кепілдікке алғанда; Заңсыз өнім шығарып, сауда-саттықпен айналысқанда (қару-жарақ, жарылғыш заттарға қатысты); Ядролық қаруларды иемденген кезде; Қару-жарақ пен жарылғыш заттарды ұрлаған кезде; Уландыратын өнімдер мен тағамдарды жасағанда; Жалған дәрі-дәрмектерді жасап шығарғанда; Қаруларға қатысты контрабандалық әрекеттер үшін; Ядролық материалдарға қатысты контрабандалық әрекеттер үшін; Жалған ақша жасайтын құралдарды контрабандалық жолмен тасымалдағанда; Мәдени ескерткіштерді контрабандалық жолмен тасымалдағанда; Бағалы металдарды контрабандалық жолмен тасымалдау; Сирек кездесетін жануарлар мен олардың ағзаларын контрабандалық жолмен тасымалдағанда; Әдеттегі тауарларды контрабандалық жолмен тасымалдағанда; Жалған ақша шығарғаны үшін; Жалған қорды ұйымдастырып, ақша жинағандары үшін; Салықтардан бас тартқаны үшін; Келушілердің банкте сақталған ақшасын пайдаланғанда; Қарызды уақытында қайтармағанда; НДС чектерін заңсыз пайдаланғанда; Біреуді қасақана өлтіргенде; Біреудің денесіне қасақана зақым келтіргенде; Адамдарды кепілдікке алғанда; Әйелдерді ұрлағаны үшін; Балаларды ұрлап, шет елдерге сатып жібергендері үшін; Тонағанда; Жасөспірімдерді қорлағанда; Әйел адамды қорлағанда; Ұрлық жасағанда; Біреуге қылмысты жасауға көмектесетін ақпарат бергенде; Түрмеден қашқанда; Екінші адамға түрмеден қашуға көмектескенде; Археологиялық маңызы бар жерді жөнсіз қазғанда; Ежелгі адамдар мен жануарлардың, өсімдікердің қалдықтарына зақым келтіргені үшін; Анашаны қолданып, контрабандалық жолмен тасымалдағаны үшін; Әйелдер жеңіл жүрістілік танытқанда; Екінші адамды жаман жұмыс істеуге көндіргенде; Қажетсіз соғыс құралдарын өндіргенде; Соғыс құралдарын бұзғанда; Мемлекет қазынасын ұрлағанда; Жемқорлықпен айналысқанда; Сарбаздар әскери тәртіпке бағынбағанда; Жалған әскери ақпарат таратқанда; Соғысқа арналған қару-жарақтарды дұшпандардың қолына бергенде; Бүлік шығару үшін жалған ақпарат таратқанда Қытай азаматтары өлім жазасына кесіледі.Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: meta.kz