- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Қытайдағы өлім жазасы...
Қытайдағы өлім жазасы
Қытай өлім жазасына кесу және оны жүзеге асыру санына қарай бірінші орындағы ел. Түрлі мәліметтерге сәйкес, Қытайда жыл сайын 2-7 мың өлім жазасы іске асырылады. Яғни, Қытайда әлемдегі қалған барлық елдердегі жиынтық саннан көп адам өлім жазасына кесіледі. Тағы бір атап өтерлігі, Қытайдағы соттар қылмысқа қатысы бар деген күдіктілердің 99%-дан астамын айыпты деп таниды. Кейінгі 10 жылда 6 млн астам адам қылмысқа кінәлі деп танылған.
Қытайда өлім жазасы төмендегі қылмыстарға байланысты жүзеге асырылады:
- Еліне опасыздық жасағанда;
- Сепаратизм; (Сепаратизм – бөлектену, оңашалануға тырысушылық. Көп ұлтты мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері алдына бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға ұмтылуы)
- Қаруды заңсыз қолданғанда;
- Дұшпандарға жақтасқанда;
- Тыңшылық әрекеттер жасағанда;
- Мемлекеттік құпияларды дұшпандарға табыстағанда;
- Дұшпандарға ақшаға сатылғанда;
- Абайсызда өрт шығарғанда;
- Су тасқынына алып келетін қылмыстар жасағанда;
- Жарылысқа әкеліп соқтыратын қылмыстық әрекеттер жасағанда;
- Уландыратын заттарды пайдаланғаны үшін;
- Қоғамға кері әсерін тигізген үшін;
- Біреуді көлікпен қағып кетсе;
- Қоғамдық көліктерді өз көлігімен қағып кетсе;
- Энергиялық құрылғыларға зиянын тигізген кезде;
- Жарылғыш қасиеті бар құрылғыларға зиянын тигізген кезде;
- Әуе ұшақтарын кепілдікке алғанда;
- Заңсыз өнім шығарып, сауда-саттықпен айналысқанда (қару-жарақ, жарылғыш заттарға қатысты);
- Ядролық қаруларды иемденген кезде;
- Қару-жарақ пен жарылғыш заттарды ұрлаған кезде;
- Уландыратын өнімдер мен тағамдарды жасағанда;
- Жалған дәрі-дәрмектерді жасап шығарғанда;
- Қаруларға қатысты контрабандалық әрекеттер үшін;
- Ядролық материалдарға қатысты контрабандалық әрекеттер үшін;
- Жалған ақша жасайтын құралдарды контрабандалық жолмен тасымалдағанда;
- Мәдени ескерткіштерді контрабандалық жолмен тасымалдағанда;
- Бағалы металдарды контрабандалық жолмен тасымалдау;
- Сирек кездесетін жануарлар мен олардың ағзаларын контрабандалық жолмен тасымалдағанда;
- Әдеттегі тауарларды контрабандалық жолмен тасымалдағанда;
- Жалған ақша шығарғаны үшін;
- Жалған қорды ұйымдастырып, ақша жинағандары үшін;
- Салықтардан бас тартқаны үшін;
- Келушілердің банкте сақталған ақшасын пайдаланғанда;
- Қарызды уақытында қайтармағанда;
- НДС чектерін заңсыз пайдаланғанда;
- Біреуді қасақана өлтіргенде;
- Біреудің денесіне қасақана зақым келтіргенде;
- Адамдарды кепілдікке алғанда;
- Әйелдерді ұрлағаны үшін;
- Балаларды ұрлап, шет елдерге сатып жібергендері үшін;
- Тонағанда;
- Жасөспірімдерді қорлағанда;
- Әйел адамды қорлағанда;
- Ұрлық жасағанда;
- Біреуге қылмысты жасауға көмектесетін ақпарат бергенде;
- Түрмеден қашқанда;
- Екінші адамға түрмеден қашуға көмектескенде;
- Археологиялық маңызы бар жерді жөнсіз қазғанда;
- Ежелгі адамдар мен жануарлардың, өсімдікердің қалдықтарына зақым келтіргені үшін;
- Анашаны қолданып, контрабандалық жолмен тасымалдағаны үшін;
- Әйелдер жеңіл жүрістілік танытқанда;
- Екінші адамды жаман жұмыс істеуге көндіргенде;
- Қажетсіз соғыс құралдарын өндіргенде;
- Соғыс құралдарын бұзғанда;
- Мемлекет қазынасын ұрлағанда;
- Жемқорлықпен айналысқанда;
- Сарбаздар әскери тәртіпке бағынбағанда;
- Жалған әскери ақпарат таратқанда;
- Соғысқа арналған қару-жарақтарды дұшпандардың қолына бергенде;
- Бүлік шығару үшін жалған ақпарат таратқанда Қытай азаматтары өлім жазасына кесіледі.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: meta.kz
Қ. Бүйенбай