Күні кеше Қытай ғалымдары құрастырған Long March 6 зымыраны Шаньси провинциясындағы ғарыш айлағынан ұшырылды. Зымыран Қытай халқын жылдам желі және ақпаратпен қамтамасыз ететін 20 микро-спутникті ғарышқа жеткізу үшін дайындалған еді. Бір қызығы, Қытай ғалымдары Long March 6 зымыранын ұшыру үшін әзірге әлемдік тәжірибеде жоқ жанармайды қолданған.
Керосин мен сұйық оттектің қоспасы алып аппаратты ғарышқа жеткізуге қауқары жетеді. Сонымен қатар, бұл альтернативті жанармай ресурсы ауаны мұнай токсиндерімен ластамайды. Бұл, әрине, Greenpeace қалауындағы өнім болмағанымен, қытайлық ғалымдардың жасаған қадамы ғарышты игеру өндірісіне өзгеріс алып келуі ықтимал.
Long March 6 – кіші класстағы спутник тасымалдағыш зымыран. Әдетте мұндай ракеталар ғарышқа аз көлемді жүктерді алып шығу мақсатында қолданылады. Сондай-ақ, бұл америкалық зымыран жобаларынан әлдеқайда арзан. Қытай ғалымдары коммерциялық ғарышта бәсекелеске қабілетті болу үшін бағаны төмендетпек.
Қытай Аэроғарыштық ғылым мен технологиялар корпорациясының басшысы бұл Қытай территориясынан көкке сәтті көтерілген алғашқы зымыран екенін хабарлады. Жанармайда токсинді элеменеттер жоқ екенін де ресми түрде мәлімдеді.
Қытай ғарыш агенттігі енді келесі жобасын жүзеге асыруға дайындалып жатыр. Long March 5 зымыраны 2017 жылы Айдың көрінбейтін жағына сапар шекпек.