НАСА күзде Жерге ескі жерсерік құлауы мүмкін екенін жария етті. Бұл жерсерік кезінде КСРО-ға тиесілі болған екен.
“Космос-1315″ радиотехникалық барлау жерсерігі қыркүйекте Жерге құлап түсуі мүмкін. Салмағы 2,5 тонналық аппарат сонау 1981 жылы Плесецк ғарыш айлағынан ұшырылған.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, қызметтік мерзімі аяқталған жерсерік шамамен 5 қыркүйекте ауаның қалың қабатына еніп, жанып кетеді. Ал оның қалған жеке бөліктері ғаламшарымызға құлауы ықтимал.
Бірақ, НАСА бұл бөліктердің нақты қай жерге құлайтынын атаған жоқ, - деп хабарлайды Nur.kz порталы informing.ru сайтына сілтеме жасап.