Құшақтасу сайты жылылық сыйласын

Өмірде жалғыз қалатын сәттеріңіз бола ма? Айналаңыздағы адамдардың жылуын сезгіңіз келетін кездер аз емес шығар? Ендеше құшақтасу сайты сізге мейірім мен махаббат сыйласын...

"thenicestplaceontheinter.net" сайты сізге жылылық пен ізгі ниет сыйлап, көңіл-күйіңізді бірден-ақ көтере алатынына сенімдіміз. Сайттың адресімен өтсеңіз, адамдардың сізді құшақтауға келе жатқанын көресіз. Адамдардың виртуалды құшағы сізге Өзіңізді құшақтап жатқандай әсер алады. Сайтта әлемнің әр бұрышында әрқандай адамдардың осындай видеолары бар. Сайттың сол жақ төменгі бұрышында «тоқтату» және видеоларды ауыстыру қызметін пайдалана аласыз.

Осындай қызықты әрі жылулық сыйлайтын жобаға сіз де қатыссаңыз болады. Ол үшін өзіңізді видеоға түсіріп, камераны құшақтап, кейіннен оны «құшақ-сайтқа» жүктейсіз. Бұл үшін «Create (New)» деген батырманы басуыңыз керек. Онда өз аты-жөніңіз бен Youtube-тағы видеоңыздың сілтемесін жазасыз. Иә, бар болғаны осы ғана...

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/zG-BWw__yos&feature","width":"450","height":"320"});

Бірақ осынша қарапайым дүниенің өзі көктемгі қуаныш пен шаттық сыйласа, мақсатымыздың орындалғаны, келіңіз, «құшақтасайық»!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com