Портсмут және Рим университеттерінің ғалымдары «Құс жолы» галактикасының құрылымын қалыптастырған қара материялар мен ғарыштық «ормандардың» жиілеу мүмкіндігін айтып, дабыл қағады, деп жазады Phys.org. Қара материя мен қара энергияға қатысты жүргізілген соңғы зерттеулердің нәтижесіне орай, ғалымдар біздің галактиканың болашақта да қара түнекке орануы мүмкін екенін айтады.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесі Physical Review Letters ғылыми журналында жарияланды. Портсмут және Рим университеттерінің космологтары электромагнитті сәулелерді шығармайтын гипотетикалық пішіндегі материялардың криптохимиялық үдеріске түсуі арқылы қара энергияның шамадан тыс шығуына алып келіп отырғанын айтады.
Профессор Дэвид Вондс: «Зерттеу жұмыстары ғарыштағы уақыт жиілігіне бағытталған. Ғарыштық масштабта бұл тікелей галактикаға және оның болашағына қатысты болып отыр. Егер қара материяның жойылуы арқылы қара энергия көбейетін болса, біздің ғаламшарлар тізбегі бос қуысқа айналады. Себебі қара материя галактиканың тұрақты құрылымын негіздеп отырады. Ал қара энергия барлық ғарыш нысанын жұтумен күн кешетіні сіздерге белгілі», - дейді.
Космология осыған дейін парадигмалық ауысымды 1998 жылы басынан өткерген болатын. Ол кезде ғалымдар «Құс Жолы» галактикасы көлемінің үлкею жылдамдығының өсіп жатқанын алға тартқан еді. Ғарыштық уақыт мөлшерінде қара материя бар екені бұрыннан ғалымдар үшін гипотеза болып келген. Ал Портсмут пен Рим университеттерінің космологтары гипотезаны нақтылай алатын талдау дерегін ұсынып отыр.
Рим университетінің студенттері Валентина Сальвателли мен Найла Саид Портсмут ғалымдары Марко Бруни мен Дэвид Вондстармен және де Алессандро Мельхиорримен біріге зерттеу жұмыстарымен айналысқан. Олар Sloan Digital Sky Survey аппаратын қолдану арқылы ғарыш нысандарын келмеске тартып кететін қара энергиялардың түрлі моделін зерттеген.
Мичиган Университетінің профессоры Драган Хатерере ғалымдардың зерттеу жұмыстарымен танысып шығып, өз пікірін білдіріп өтті. Ол: «Жаңашыл бағыт өте қызықты секілді. Әркез қара энергия туралы зерттеу жұмыстары басталған кезде біз оның құрылымын негізге алып қарастыруымыз керек. Себебі біз ол туралы өте аз мағлұматқа иеміз. Мен зерттеуді жүргізген космологтардың қара энергияның қарапайым моделін қара материядан бөліп жарып қарай алғанына риза болып отырмын», - дейді.
Сурет: hq-wallpapers.ru