Воронеж мемлекеттік университетінің ғалымдары бірегей жобаны ұсынды. Жоба, әсіресе ауыл шаруашылығы үшін таптырмайтын болып шықты.
Сөйтсе, химиктер суды мұз күйі сақтауға мүмкіндік беретін түйіршік ойлап тапқан екен. Бұл - ауа райы құрғақ жерлерді суаруға арналған арнайы сорбент. Мұндай түйіршіктің 1 келісі шамамен 500 л суды бойына сіңіріп алып, мөлшерін үлкейтеді. Полимерден жасалған түйіршік матрицасына түскен су, оның қабырғаларымен байланыс орнатады да мұзға айналып, сорбенттің бойына қатып қалады. Ал суарған кезде түйіршіктер бойындағы суды жерге жібереді. Суару тәсіліне тоқталар болсақ, әуелі түйіршіктер егіс алқабына «себіледі» де оның үстіне су шашылады. Сол кезде жер қабатына еніп кеткен түйіршіктер оны суарады. Өнертапқыштардың айтуынша, отандық сорбент импортты баламасынан әлдеқайда арзан және ол су шығынын 50%-ға дейін қысқартуға жол ашады.
Дереккөз: 24.kz