- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Күннің батуы Марстан...
Күннің батуы Марстан қалай көрінеді? (видео)
Марста зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Оппортьюнити» аппараты Жер мен Марстағы Күннің бату барысын салыстыру мақсатында өзінің жоғары сапаға ие камераларын Күнге бағыттады. Қызыл ғаламшардағы бір тәулік 24 сағат 39 минутқа тең болғандықтан, Күннің бату үдерісі Жердегі көрініске өте ұқсас болып шықты. Дегенмен Күннің түсі әдеттегіден өзгеше болады екен.
Айта кетсек, Марста Күн қызарып батпай, ғаламшарды сұр түске бөлейді. Себебі Марс Күннен 228 миллион шақырым (Жерден екі есе алыста) алыста айналады. Сондықтан Қызыл ғаламшарға Күн сәулесінің берер әсері төмен болады.
«Оппортьюнити» зонды Марстың ландшафтын 10 жыл бойы зерттеумен айналысып келеді. Ал жақында ұшырылған «Кьюриосити» әзірге тек сурет жіберумен шектеліп жатыр.
Қызыл ғаламшарда ымырт кезі біршама көбірек жалғасады. Жерде бұл үдеріс жарты сағат қана болады, ал Марстағы ымырт түн пердесі жабылғанша созылады. Ғалымдардың айтуынша, бұл Марстың стратосфералық қабатына байланысты екен. Аталған ауа қабатында Күн сәулесінің біршама көп уақыт тұрақтап қалуы ымырт уақытының созылуына алып келеді екен.
Ұқсас жазбалар:
Марс ғаламшары туралы қызықты деректер
Марс бетінен Эверестен де биік шың табылды (фото)
Ж. Өрісбай