- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Күнге ең жақын...
Күнге ең жақын планета қайсы?
Күнге ең жақын планета - Меркурий. Оның қазақша аты - Болпан немесе Кіші Шолпан. Сондықтан да оны бақылау қиын. Әйтсе де, соңғы радио-бақылаулардың мәліметтері бойынша, Меркурийдің өте баяу айналатыны анықталды, яғни бұл планетадағы тәулік шамамен жердегі 176 тәулікке тең. Бірақ ол Күнге жақын орналасқандықтан, оның орбитасы Жердікіне қарағанда кіші. Меркурий өлшемдері жағынан да, массасы жағынан да кішкене болғандықтан, ол өзінің айналасында атмосфераны ұстап тұра алмайды. Күнге жақындығы және елеулі атмосферасының болмауы салдарынан онда температураның күрт өзгеруі болып тұрады. Мысалы, күндіз температура +300°С-қа дейін жетсе, ал түнде шамамен -200°С болады. Атмосфера болмаған соң, онда бұлт та болмайды. Аспан кап-қара болып, жұлдыздар жарқырап, орасан зор Күн тәжі анық көрініп тұрады.
Сурет: nostradamustoday.org
Ж. Исакаев