- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Күн туралы 5...
Күн туралы 5 аңыз
Күн – өзінің орналасқан шоғырындағы ең алып жұлдыз. Тек біз оған "күн" дейтін атау бере отырып жаратылыстану негізінде оқып таныстық. Дегенмен ол жайында айтылатын түрлі жайттар бар. Тіпті арасында аңызға айналып кеткендері де бар. Сонымен сіз бен біз нақты білмейтін шындық пен өтіріктің арасын ажыратып алсақ.
Күнде су жоқ
Бұл өтірік. Бәлкім қызық естілуі де мүмкін, бірақ күн бетінде су болады. Тіпті күн бетіндегі судың құрамы біз ойлағаннан да көп. Тек қана ыстық сәуле тарататын күнде су қайдан болуы мүмкін, ол қайдан келеді деген сұрақтың сізді мазалауы заңдылық. Иә, су шынымен бар. Ол күннің ыстығына төзімді молекулалар. Ал бұл молекулалар әр тамшыдан су бөлген кезде күннің салмағына сай белгілі мөлшерде су пайда болып отырады. Орта ғасырда адамдар күн бетіндегі қара нүктелерді өзендер мен көлдер деп топшалаған. Бір қызығы бұл шындыққа да жанасуы мүмкін.
Күн әрдайым бір орында тұрады
Бұл өтірік. Күннің алып жұлдыз екенін ұмытпауымыз керек. Күн галактикада қозғалыста болатын алып жұлдыз. Ол сағатына 217 км жылдамдықпен қозғалады. Жылдамдық аса жоғары болғанымен күннің салмағы мен алыптығына байланысты ол бұл қозғалыспен галактиканы 250 миллион жылда айналып бітеді. Бұл жыл космостық жыл есебінде екенін де айта кету керек.
Күн жазға қарағанда қыс мезгілінде жерге жақын болады
Бұл өтірік. Себебі күн мен жер арасындағы қашықтық жылай сайын өзгеріске ұшырап отырады. Түсіндіре кету керек күн жерді емес, жер күнді айнала қозғалады. Жер мен күннің ара қашықтығы 150 миллион км екенін ескерсек бұл тіптен қисынсыз. Дегенмен күннің жалпы алып бейнесін 3-4 қаңтар айларында бақылауға болады. Бұл күн қыста жерге жақын болады деген сөз емес. Өйткені күннің қыс бойына жерге жақындығы адамзат үшін өте қауіпті.
Күн отты лавалардан тұрады
Бұл да өтірік. Себебі күн ешқандай отты лава емес белгілі космостық элементтерден құралған. Сөз басында тіпті күн құрамында судың болатынын оның тек алып жұлдыз екенін ескертіп өттік. Осы тұрғыдан келгенде күн өзіне түрлі элементтерді жинақтаған, молекулалардан тұратын алып жұлдыздар шоғырының ең үлкені деуге болады.
Болашақта күн үлкейіп адамзатқа үлкен қауіп төндіруі мүмкін.
Бұл енді шындық. Иә күннің алыптығы оның ұлғаюына әсер етеді. Әрі бұл күнде күннің үлкейіп жатқаны да өтірік емес. Ол алып жұлдыз болғаннан кейін оны жарылыс жасау қаупі де бар. Ал бұл жағдай тек жер шары үшін емес, жалпы күн жүйесіндегі барлық тіршілік үшін қатер төндіретін жайт.
М. Ақан