Ағылшын ғалымдары Күн температурасына тең жылуды қалыптастыра алатын лазер жасады. Олардың айтуынша, мұндай температурамен жылыту небары секундты 20 квадриллионға бөлгендегі уақытқа ғана созылады. Жаңа технология термоядролық синтез жасауда қолданылмақ.
Imperial College London университетінің ғалымдары өздері жасаған лазердің кез келген затты қазіргі термоядролық зерттеу жұмыстарында қолданылып жүрген аналогынан 100 есе жылдам қыздырып жібере алатынын мәлімдеді. Ионның жылынуы арқылы жасалатын ғылыми-тәжірибелік әдіс туралы зерттеу жұмысы Nature Communications журналында жарияланды.
Әдетте лазер заттарды оның электрондары арқылы жылытады. Ал жылудың электроннан ионға өтетіні белгілі. Ион заттың негізгі массасын құрайтынын ескерсек, жұмыс үдерісі баяу жүреді. Ғалымдар Күн сәулесінің электростатикалық толқынының көмегімен тікелей ионды жылыту мүмкіндігін жасады.
Айта кетейік, зертханада термоядролық синтезді жасау үшін лазер көптен бері қолданылады. Ғалымдар көп жылдар бойы арзан әрі қиындықсыз қолдануға болатын энергия көзін іздестіріп келген. Бір сөзбен айтқанда, Күн сияқты энергия шығаратын механизмді құрастыруды мақсат етіп келген.