Плутонның ең ірі серігі Харонда аса ірі шатқал табылды. Бұл Күн жүйесіндегі белгілі шатқалдардың ішіндегі ең тереңі болуы мүмкін. Себебі ол Жердегі ең үлкен шатқал саналатын АҚШ-тың ұлы шатқалынан едәуір терең әрі ұзын.
Шатқалдың ұзындығы 700 километрге жетеді (Үлкен шатқалдың ұзындығы 450 километрге тең), ал тереңдігі - тоғыз километр (жердегіден бес есе үлкен). Харондағы жартасты қабақ Уранның бес километрге жететін ең ірі серігі Мирандаға пара-пар.
НАСА ұсынған суретте ұзындығы 300 км болатын геологиялық түзілім учаскесі көрсетілген. Сурет 2015 жылғы 14 шілдеде автоматты New Horizons станциясының LORRI (Long Range Reconnaissance Imager) ғылыми құрылғысымен Хароннан 466 мың километр қашықтықтан түсірілген.
New Horizons аппараты 2015 жылдың 14 шілдесінде Плутон мен оның серігіне максималды жақындаған. 2019 жылы станция Койпер белдеуінде ғаламшардан 1,6 млрд қашықтықта орналасқан 2014 MU69 планетоидына жетеді.
New Horizons-тың негізгі міндеті - Плутон мен оның серігі Харонды зерттеу. Станцияға орнатылған ғылыми құрылғы ергежейлі ғаламшарда магнитосфераның бар-жоқтығы туралы, оның атмосферасының құрамы, қабат құрылымы және Харонмен өзара байланысы туралы деректер жинауға арналған.
Дереккөз: inform.kz