Астрономдар күн жүйесінен алыс орналасқан ергежейлі жаңа ғаламшарды тапты.
2015RR245 аспан денесі 730 жыл кезеңімен 34-120 астрономиялық бірлік қашықтықта созылған жолында Күннің айналасында қозғалады екен. Ергежейлі ғаламшардың радиусы - 350 шақырым. Аспан денесінің сыртқы қабаты мұздалған азот, су, көміртегі монооксиді және аз мөлшерде осы химиялық элементтің күрделі байланысқан түрі бар. Оның ішкі қабатының температурасы минус 220 градус Цельсий. Бұл ергежейлі ғаламшардың материясын сақтайды және пішінін өзгертпейді.
Дереккөз: tengrinews.kz