Сіз білесіз бе? Жер бетіндегі ең ежелгі жәндік (жасы жағынан) құмырсқа болып табылады. Осындай бір қызықты деректер тастардың арқасында анықталып, көпшілікті таңғалдырды. Сонымен ежелгі құмырсқалардың жасы жүз миллион жылдың кемерінен бір-ақ асып шықты.
Жәндіктің бұл түрі жер бетінде қанша жас жасағанмен, анатомиялық өзгерістердің ауылынан қашық болып, "баяғы жартас - сол жартас" дегендей, жүз миллион жылғы күйінен еш ауытқымай тіршілік жасап келеді. Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, олардың қаншама ғасырдың ширегінде өзгермей келуі - физикалық және қоғамдық жаңданудың әсерінен. Демек, құмырсқалар кез келген дүниені қорек көзіне айналдыру мен өндірісті жүргізіп кетудің жолдарын жетік меңгерген бірден-бір тіршілік иесі болып саналғаны. Олардың шындығында физикалық қуаты орасан болғаны соншалықты, өздерінен жүз есе үлкен затты еш қиналмай тасымалдай береді. Бұл тұрығыдан алғанда, құмырсқаларда да қоғамдық өмір барын ескерсек, онда Номо sapiens-пен бірдей үлгі бола алады.
Құмырсқалардың ұясында бәрі өз орнымен, белгілі бір дәрежелермен яки жүйелермен іске асады: біреулері сауда-саттық қатынасын реттеп, күн тәртібіне қойып жатса, енді екіншілері қорғау қызметінің барысымен күзетте тұрады; ал үшіншілеріне ұрпақ жалғастыру мен аналық құмырсқаларға күтіммен қарау міндеттелген; ал, тіпті, кейбірі "мал шаруашылығымен" тұрақты айналысады; "сауын сиыр" есебінде шіркейлер (өсімдіктің шырынын қорек ететін зиянды ұсақ жәндік) пайдаланылып, олардан балшырын алынады (кейде өздері де азық орнына жұмсалады). Өзінің жұмыстарына немкетті қарайтын құмырсқалар ішінде жазалылар болса, олар ағайын-тумаластарының "табалауына" ұшырайды.
Құмырсқа-зейнеткерлер мен жарым-жанды сырқаттары өмір бойына жақсы өмір сүріп өтеді...
Бір қызығы, біз ойлағандай құмырсқалардың барлығы еңбекқор болып шықпады. Дәрежелері мен қоғамдық орындарына байланысты, құмырсқалардың 20 пайызы "қара жұмысшылар" тобы еңбекті күні-түні атқарады. Ал ерігіп бос жүрген құмырсқалардың бос тобы жұмысқа кіріскен күннің өзінде де, " қара жұмысшылардың" қалған бөлігін еріксіз жұмыс істеуге мәжбүрлейді.
Осы бір ерігіп жүрген құмырсқалардың қылықтарын ғалымдар әзірге түсіндіре алмай отыр.
Сурет: users.v-lo.krakow.pl