Кітап оқуға қызығушылықты арттыру жолдары

Кітап оқуға қызығушылықты арттыру жолдары

Әрине, кітап оқымайтын адамдар көп. Оларға қою-сұр бөлмеде кітап құшақтап жатқаннан гөрі теледидар көру, интернетте отыру, достармен әзілдесу секілді істер қызығырақ.

Дәл осында сізге гаджеттер көмектеседі. Кітап оқуды хоббиге айналдыру үшін оны қызықты ете білу керек... Мәселен былай...

Кітап сақтаудың әдеткі қалпын бұзып, оны мынадай құрал арқылы іліп қойыңыз. Мұның пайдасы – сіз кітаптың қай жеріне келгеніңізді бірден біле аласыз. Ал біз әлі күнге оқып келген парақтың бетін қайырамыз...

Үйдің ауа-райы ескі құсқы сөрелерге емес, мынадай дизайнмен қойылғаны психикаңызға әсер етеді. Кітап оқудың жарқын іс екенін санаңызға аласыз...

Немесе мынадай жиһаз алыңыз...


Шалқайып та, қырынан да жатып, тұрып, отырып оқимыз ғой кейде. Сонда жарық дұрыс ракурстан түспейді. Ал мынадай жарық жастықша сіздің ең жақын досыңыз болмақ...


Иә, қазір электронды оқулықтар өте көп. Неше түрлі планшеттер арқылы шығарма оқи алатын заман. Десек те, қазіргі таңда қазақ прозасының электронды нұсқасы жоқтың қасы. Сондықтан да мынадай принтер арқылы сіз бір-ақ демде электронды нұсқасын жасап аласыз...


Сіз студент болсаңыз, жатақханада кітап оқудың қандай қиын екенін жақсы білесіз. Түнделетіп кітап оқуға деген ниетіңіз артып тұрғанымен, бөлмелес достарыңыз ұйқыда. Міне, сізге осындай шамдар көмекке келеді.


Ал қолыңыз талса, мынадай құрылғы ең керекті гаджеттердің бірі...


Кітабыңыздың мәтіні тым ұсақ па? Қолға ұстауға ыңғайсыз ба? Онда сізге суреттегі құрылғы көмегін аямайды. Бұл құрылғы арқылы сіз мәтінді үлкен етіп, мониторға шығара аласыз...

Мынадай құрылғы кітап оқуға арналған ең сәтті дер едім. Себебі құрылғының кішкене болуының арқасында сіз қайда болмасын оны қолдана аласыз...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: fresher.ru

А. Құлтай