Көзді жыпылықтату арқылы ақпараттың қаншасын жоғалтамыз?

Жыпылықтату арқылы әрбір бір минуттың ішінде алты секундтық визуальдық ақпаратты жоғалтып отырамыз. Бұл дегеніміз, 150 минутқа созылған киноның 15 минуты көзді жұмып өтумен өтті дегенмен бірдей.

  Мерген 

Македонияның королі Филипп жорық кезінде оң көзінен айырылған. Сол кездегі жебеде «Филиптің көзіне» деген арнайы жазу болыпты.

Тышқандар

Тышқандардың ірімшікті жақсы көруінің себебі неде? Сиырлардың сүтінен сұрыпталып шыққан өнім оларға қолжетімді бола бермейді ғой? Солай емес пе?

Шын мәнінде, тышқан атаулы бүкіл тамақтың ішінде жержаңғақ, жүгерінің дәні секілді астық өнімдерін адамзат пайда болғаннан бері миллион жылдың ішінде тұтынып келе жатыр. Ал ірімшікке құмар тышқандар туралы аңыз өнімнің жиегі кеміріліп кеткендіктен (кертіліп) айтылып кеткен.

Айта кететін болсақ, кейбір тышқандардың ағзалары сүттен жасалған өнімдерді мүлде қабылдамайды.

Мейрамханалар жалбызды сағызды неліктен тегін береді?

Көптеген мейрамханаларда жалбызды сағызды сыйға тарту әдетке айналған. Бірақ, неліктен жалбызды сағыз сыйға тартылады?

Себебі, жалбыз асқазанның қорыту бөлігіндегі жұмыр бұлшық еттерді тынышталдырады. Яғни асқазанның қыжылдау мен кебуінің алдын алады. Сол үшін де мейрамхана әкімшілігінің қызметкерлері тамақтанып болған адамның жақсы көңіл-күйде отырып, кеткенін қалайды.

Есесіне қазіргі таңда мейрамхана қызметшілері бәсекелестердің арқасында келіп-кетушілердің ықыластарын өздеріне аудару үшін сағыздарды тегін үлестіреді. Әйтпесе, әу баста сағыз асқазандағы ас қорыту процесін жеңілдету үшін пайдаланылғаны анық.

сурет: vk.com; kazhdan.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт