Көзбен емес, ми арқылы көресіз!

Көзбен емес, ми арқылы көресіз!

Көзіңізді минутына, күніне, жылына қанша рет жыпылықтатаныңызды біліп алыңыз. Және де нәрестенің шындығында жыламайтынын, көк көзді бірінші адамның қашан дүниеге келгенін, одан қалса, көз ауруларының 80 пайызы емделетінін, көз жарасы тез жазылатынын, құрылысын, түзілісін, ең ақыры, сіздің көзбен емес, мимен көретініңізді біле отырыңыз. 

"Көз" деп  аталатын мүшенің көруден бөлек те көптеген функциялық қызметтері бар. Мақалымызда тоқтала кетсек: 

Көздің түсе өзгере алады 

facts-about-your-eyes-25

Көздің шатырша қабығы жасыл, көк пигменттерді бағамдай алмайды және жарықтың түсіп тұруына байланысты әртүрлі реңкке өзгеруі мүмкін. 

Көк көзді адамдардың барлығы алыс туыстар саналады 

Көк көзді бірінші адам осыдан 6-10 мың жыл бұрын дүниеге келген. Сол уақыттарда барлық адам қой көзді болатын. 

Көздің торы 7 миллион жарық сезгіш ұяшықтардан тұрады 

Бұл ретте, 7 миллионы ғана жарықты айырып тануға жауап береді. Қалған жүзі қара мен ақты анықтауға көмектеседі. Сонымен, жарықты анықтауда рецепторлардың онға жуық бөлігі жұмыс істейтін болып отыр. 

Жақсы көру – 20/20 (1,0)

facts-about-your-eyes-22

Дәрігерлердің айтуынша, жақсы түсіп тұрған жарықта адам зат пен белгілерді 6,096 метрден айыруға қабілетті. 

* * *

Егер сіз кескіндерді теріс айналдырып көрсететін көзілдірік киіп жүрген болсаңыз, сіздің миыңыз айырмашылықты байқамас еді. 

* * *

Сіз минутына 17 рет, күніне 14,280 рет, жылына 5,2 миллион рет көз жыпылықтатасыз 

Ескере кетерлігі: сіз оқып жатқан сәттен гөрі, сөйлесіп тұрғанда, көп жыпылықтатасыз. 

Көз бұлшық еттері - барлық ағзада ең жылдам бұлшық еттер

Адамның көз жыпылықтатуы керемет жылдамдықпен жүзеге асады. Жыпылықтату үшін сізге 100-ден 150 миллисекундке дейін уақыт керек. Бір секундта сіз бес мәрте жыпылықтатып үлгересіз. 

Жас ұлғайғанда сізге оқу үшін көзілдірік керек 

facts-about-your-eyes-18

Адамдардың 99 пайызы 43 пен 50 жаста жақын аралықтан көру үшін көзілдірік киеді – уақыт өте келе, көз бұршағы орталықтандыру қабілетінен айырылады. 

Көздер кез келген камерадан жылдам 

Көз қарашығының алдында орталықтандыруға жауап беретін көз бұршағы тұрады. Айналаға қарап, белгілі бір заттарды орталықтандырып көріңізші: сіздің көз бұршағыңыз үнемі орталықтандыруды өзгертіп отырады, ал сіз оны байқамайсыз. 

Камераға кескінді орталықтандыру үшін бірнеше секунд қажет. 

Жыпылықтату – өте-мөте маңызды қызмет 

Жыпылықтату арқылы біз көздің жоғары қабатынан шаң мен өзге де керексіз заттарды алып тастап, дымқылдатып, майлаймыз. Көз жасы бактерияға қарсы қасиетке ие. 

Шел (катаракта) – кәріліктің табиғи көрінісі

Қартамыс жас шаштың сиреуінен бөлек, шелден белгі береді. Шел басудың алғашқы кезеңін 75-85 жаста ұшыратасыз. 

Қант сусамырын (диабет) көз зерттеуімен анықтау

facts-about-your-eyes-14

Екінші кезеңдегі қант диабеті аяусыз келеді және ерекше белгілері байқалмайды. Алайда, тәжірибелі дәрігер-офтальмолог диабеттің екінші кезеңінен ақпар беретін көздің артқы бөлігінен кішігірім қан құйылуды ұшыратады. 

Сіз көзбен емес, мимен көресіз

Мүмкін, бұл да анық-қанық нәрсе болар, бірақ, егер көзіңізде қиындық туындап жатар болса, онда бұл дегеніміз, көзіңізде ақаулар пайда болды деген сөз емес. Визуализацияға жауап беретін ми бөлігі белгілі бір деңгейде өзгерістерге ұшырауы толық мүмкін – туындаған қиындықтар әртүрлі характерден болуы ғажап емес.

Көз соқыр даққа бейімделіп кетуі мүмкін

Су қараңғылық (глаукома) секілді кейбір ауру түрлері соқыр дақтарға алып келуі мүмкін, алайда, біздің ми оған да қарсы тұрар әдіс тауып отыр: келесі сау көз соқыр бөлікті өз қолына алып, сол арқылы соқыр бөліктің қызметін азайта түседі. Сол арқылы біз соқыр дақты ескеруден қаламыз. 

Егер көз кебе бастаса, ағыл-тегіл жасаурай бастайды 

Көз жасы, негізінен, үш құрамнан тұрады: су, май және шырыш. Егер олар сайма-сай араласпаған болса, көз кеуіп кетуі мүмкін (тіпті, егер сұйықтық толы болса да). Қалай болғанда да, ми мұны түсінбейді де, еселеп көз жасын бөле бастайды. 

Көз тез жазылады

Керекті күтімнен кейін 48 сағаттан өткен соң, жарақаттың бірде-бір белгісі қалмайды. 

Шын мәнінде, нәрестелер жыламайды 

Әрине, сөзсіз шыңғырып жатады, бірақ, олардың көздері әлі көз жасын бөле алмайды. Туылған күннен бастап, 13 аптадан соң, жасаурай бастамақ. 

Көлем мен салмақ 

facts-about-your-eyes-6

Көздің диаметрі орта есеппен 2,54 сантиметрді құраса, салмағы 7 грамға жетеді.

Гетерохромия

Көздің шатырша қабығы бір-бірінен айырмаланып тұратын сирек құбылыс. 

Көз бұлшық еттері

facts-about-your-eyes-4

Ағзадағы бұлшық еттердің ішінде көз бұлшық еттері ең белсендісі саналады. 

Түзілісінің күрделілігі 

Көз толық түзіліс пен қызмет ету үшін екі миллионнан аса бөлшек заттардан тұрады.  

Көпшілік көз аурулары – емделетін аурулар

facts-about-your-eyes-1

Көз көруге қатысты туындайтын қиындықтардың 80 пайызының алдын алуға, кейде тіпті емдеп шығуға болады. Заманауи лазерлік хирургия мен қажетті дәрумендерді тұтынып тұру емі соның айғағы іспетті.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: list25.com; punjabishayari.co.in 

Л. Лига