Қосу арқылы жаңа зат жасап шығару

Мына затқа әлдебір затты қосса болады ма? Неғұрлым көбірек уақыт немесе рет-тәртіп қосу керек пе? Оны биіктетсек, қалыңдатсақ қайтеді? Бұл затты басқа заттармен топтастырсақ қандай нәтиже шығады?

Ғылым саласында математика ерекше орын алады. Математика – нақты өмірдің сандық қатынастары мен кеңістіктегі түрлері туралы ғылым. Ал, осы математика ғылымында жиын ұғымының алатын орны да бөлек. Жиын – қандай да бір объектілердің жиынтығы. Жиынға кіретін объектілерді жиынның элементтері деп атаймыз. Анықтамаға сәйкес, дүниедегі әрқандай бір немесе бірнеше зат, құбылыс т.б. жиын элементі бола алады. Екі немесе одан да көп жиынды өзара қосуға болады, әрі өзара қосылған жиындар тек қана бір жиынды береді. Бұл жиын бұрынғы жиындардан бөлек жаңа жиын болады. Осы ережені тапқырлық жасау амалына қолдансақ мынадай ереже шығаруға болады:

Екі немесе одан да көп затты, құбылысты т.б. өзара қосып бір затты т.б. жасап шығаруға болады. Әрі бұл зат басқа заттарға ұқсамайтын жаңа өнім болады.

Назар аударатын мәселе – кез келген затты немесе заттарды өзара қоса беруге болмайды. Әрбір өзара қосылатын зат немесе заттар бір‑бірінің кемшіліктерін толықтыруы немесе өзара бірігіп, қолданушының белгілі бір қажетін өтейтіндей болуы қажет.

Қазіргі қол телефонды мысалға алсақ, ол алғаш жарыққа шыққан кезде, тек қана сөйлесуге жарайтын еді. Ал, қазіргі уақыттағы қолданылуы қалай? Оның қолданылу көлемі кеңейіп кетті. Ол әрі фотоаппарат, әрі дыбыс алғыш, әрі ойын аспабы т.б. Бұның барлығы қосып көру амалының жемісі.

Ғылым саласында да қосып көру амалы өз ықпалын әрқашан көрсете білді. “Ғылым саласында табысқа ең тез жетуге болатын сала – ол ғылымдардың шектескен бөлігіндегі ғылымдар” деп бір данышпанның айтқаны бар еді. Шектескен бөлігіндегі ғылымдар дегені – екі немесе одан да көп ғылымның қосындысы болып табылады.

Мысалға келтірсек, төмендегі өнімдер қосып көру амалы арқылы тапқырланған:

Электрондық ақша – электрондық түрде ұсынылатын және айналыста жүретін төлем қаражаты.

Электрондық бизнес – бір-бірімен компьютер арқылы байланысқан желілермен жүргізілетін, бизнестік қызметтің кез келген түрі.

Музыкалық құрылғы мен қол жуғыштың қосындысы:

Прожектор мен көлеңкелі шынының қосындысы:

Алқа мен флэшкарттың қосындысы:

 

Сандық пен велосипедтің қосындысы:  

 

Белбеу мен ұзындық өлшегіштің қосындысы:

Ауыз ашқыш пен өлшегіштің қосындысы:

 

Екі шөлмектің қосындысынан тұратын балық ыдысы:

Ал Сіз қандай заттарды қосып көруге болады деп ойлайсыз?

Жолдаған: Серікбол Шәймардан

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru