- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Коронавирус жайында не...
Коронавирус жайында не білеміз?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жариялауына және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстанда короновирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Ендігі кезекте жаһандық проблемаға айналған инфекцияға дұрыс әрі уақытылы шара қолдана білу қажет.
Мен иммунолог маман ретінде, сіздерге әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылған түрі шаралар турасында кеңінен айтамын. Эпидемия кезінде қолданылатын қауіпсіздік мақсатындағы алдын алу шараларын әлемдік тәжірибеден алуға кеңес беремін.
Коронавирус та вирустар тобына жатады. Ол әр жылы эпидемиялық ауру таратуға түрткі болған. Мәселен 2003 жылы (SARS) өкпе қабынуын, 2012 жылы таяу шығыстағы (MERS) респираторлық инфекциялар синдромын тудырды.
Ал қазір таралып жатқан коронавирустың ресми атауы – SARS-CoV-2. Оның таралуына кесіртке, құмырысқалар мен Қытайда мекендейтін жарқатанаттар ықпал етуі мүмкін. Аталған вирус адамдарда COVID-19 деп аталатын инфекциялық ауру тудырады. Оның негізгі сипаты – өкпені зақымдауында. Вирустан еркін тыныстай алмайды, жөтел қысып, ыстығы көтеріледі. Бұлшық ет ауырады, іші өтіп, әлсіздік пайда болады.
Алайда аталған сипаттамалар кәдімгі тұмауға ұқсағанымен, COVID-19 коронавирусының инфекциясы әлдеқайда қауіпті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша, короновирустан қайтыс болу көрсеткіші 3,4 пайызды құрайды. Бұл кәдімгі тұмаумен салыстырғанда 30 есе жоғары.
Өйткені ем-дом жасап, алдын алу шараларын уақытылы жүргізгенімен короновирусты инфекцияның ауыр түрлері көп жағдайда адам өлімімен аяқталады. Оның үстіне масштабты эпидемия кезінде ауруханалар секторы мен медицина қызметкерлеріне ауыр салмақ жүктеледі.
Әрине бұл кезеңде масштабты эпидемияның тараларына тосқауыл қоюда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің дайындығы да сынға түседі. Яғни бір мезетте 500 ге жуық науқасқа көмек көрсету бір бөлек те, біртіндеп емханаға түсіп жатқан ауруларды емдеу бір бөлек нәрсе. Соңғысында мамандар уақыттан ұтып, қажетті ресурстарды ықшамдауға мүмкіндік алады.
Аса қауіпті жұқпалы дерттің инкубациялық кезеңі 14 күнді құрайды. Алайда егер инфекция жұққан болса ол бесінші күні ақ алғашқы белгілерін байқата бастайды. Сондай-ақ, инкубациялық кезеңде ешбір белгі байқаулмауы да мүмкін. Бірақ ол адамнан вирустың бөлшектері айналаға таралып, кемінде 2-4 адамға вирусты жұқтыруы мүмкін. Бір адамнан екінші адамға жұқтыру мерзімі орта есеппен 6 күнді құрайды. Сол себепті де короновируспен қарым-қатнаста болғандарды инкубациялық кезеңде оқшаулау аса маңызды.
Қазіргі уақытта коронавирус эпидемиясымен күресудің белгілі бір әлемдік тәжірибесі бар. Әсіресе, көрші Қытай мемлекетінде, Оңтүстік Кореяда, Сингапур мен Тайваньнан үйренетін нәрсе көп. Соның бірі – эпидемия кезінде науқастарды оқшаулау.
Эпидемиямен күресуде ауру жұқтырған адамдарды міндетті түрде карантинге оқшаулау қажет. Вирустың әрі қарай таралмауына осылайша тосқауыл қойған абзал.
Ғалымдардың есебінше егер 20 науқас вирусқа шалдықса, денсаулық сақтау саласының мамандары сол науқаспен бір апта бойы қарым-қатнаста болған 40-тан 100-ге дейінгі адамдар тізбегін анықтауы тиіс және араласқан адамдарды уақытылы тауып оқшаулау аса маңызды. Мұнда шаралар нәтижелілігі 80 пайызды құрап отыр.
Алайда бұл қажырлы еңбекті талап ететін жұмыс. COVID-19 дертіне шалдыққан және онысы расталған насқастарды бақылап отырған еуропалық орталықтың мәліметі бойынша, әрбір науқасқа орта есеппен медицина қызметкерлерінің 100 сағатқа жуық қызметі керек. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің вирусты жұқтыру қаупі қарапаым халыққа қарағанда бірнеше есе жоғары.
СОЛ СЕБЕПТІ МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ВИРУСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ МЕЙЛІНШЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ЖӨН.
Бұл орайда халық арасында ауызбіршілік пен қатаң тәртіп аса маңызды. Бүгінгі таңда барлық қазақстандықтардан не талап тілді? Бірінші кезекте, қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындау.
Нұсқаулар еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің мессенджерлері арқылы белсенді таралып жатыр. Әрі басылымдар мен электронды бұқаралық ақпарат құралдарында да ақпарат кеңінен жарияланып жүр. Дерттің алдын алуға бағытталған іс шараларды орындауларыңызды сұраймыз.
Көрші мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей эпидемияның бастапқы кезінде алдын алу шараларын жүргізу айтарлықтай нәтиже береді. Әсіресе, бірінші күннен бастап сақтық шараларын күшейтіп, адамдардың тығыз қарым-қатнасын азайтқан жөн. Мұндай тәсілді эпидемиологтар әлеуметтік дистанциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деп біледі. Бүгінде Қазақстанда мектептер жабылып, халық көп шоғырланатын орындарға баруға тыйым салынған. Мұндай шара вирус жұқтыру көрсеткішін төмендетуге септеседі.
Егер мұндай шаралар да әсер етпесе, жаңдай ушығып Қытай мен Италия мемлекеттерінің сценариі бойынша дамуы мүмкін. Яғни халықты карантинге жабу.
Біздің елде барлық іс-әрекеттер жасалып, ондай ушығуға жол берілмейді деп ойлаймын!
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.