Ұзақ өмір сүргіңіз келмесе, отырған орныңыздан тапжылмаңыз. Сіздің бүкіл ғұмырыңыз аяқ-қолыңызға байланысты. Егер аяқтан әл кетіп жатса, онда өміріңізден мән де кетеді.
British Medical Journal журналының анықтауынша, адамның өмір сүру ұзақтығы мен оның қозғалмауы арасында тығыз байланыс бар болып шықты. Аталған тұжырымға 167 мың адамның статистикалық мәліметіне жүргізілген талдау себеп болған. Яғни 2005-2009 жылдар аралығындағы 167 000 адамның медициналық көрсеткіші зерттеуге алынған. Және медициналық көрсеткішке көз жеткізсек, күніне бір жерде үш сағаттан көп отырмайтын адамның ғұмыры екі жылға дейін ұзарады. Ал теледидарды екі сағаттан артық қарамайтын адам 1,4 жылға ұзақ өмір сүретін болып шықты. Ұзақ отырудың өмірді қысқарту қаупі 27%-ға, теледидар қараудың қаупі 19%-ға тең екен.
Қазіргі таңда ғалымдар көп жасау үшін белсенді өмір салтын ұстануға шақыруда.
Сурет:baq.kz
Дайындаған: Фараби Бақыт